Жиі қойылатын сұрақтар
Аудиторлық есепке қарсылық тек мемлекеттік аудит объектісі тарапынан, есеп қол қойылып ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 37-бабы 2-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес, аудит объектісінің басшысы мүдделері бұзылған тұлғаларды қаржылық бұзушылықтар туралы хабардар етуге міндетті.
Мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өз ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.
Мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісі Заңмен көрсетілген мерзім шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді және ол мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтарымен бірге қаралады.
Бюджет қаражатын пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтар 2 түрге бөлінеді: қаржылық бұзушылықтар және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
(Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы).
Қаржылық бұзушылықтар деп бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкелген бұзушылықтар түсініледі. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар – бұл бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкеп соқпаған бұзушылықтар.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар бюджетке қайтарылуға, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету немесе тауарлар жеткізу арқылы қалпына келтірілуге тиіс.
Мысалы, тәжірибе көрсеткендей, тапсырыс берушінің орындаушыға орындалмаған жұмыстар үшін негізсіз төлем жасауымен байланысты қаржылық бұзушылықтар жиі кездеседі. Мұндай бұзушылықтар тексеру барысында жойылады және бұл туралы аудиторлық есепте жазба жасалады немесе бұзушылықтар жойылмаған жағдайда ұйғарым жолданады.
Айта кету керек, өтініш берушілер көбінесе процедуралық сипаттағы бұзушылықтарды қаржылық бұзушылықтармен шатастырып, бюджет қаражатын қайтаруды талап етеді, бірақ бюджетке қайтарылуға тек қаржылық бұзушылықтар жататынын ескеру қажет. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкелмейді.
Аудиторлық есепке қарсылық тек мемлекеттік аудит объектісі тарапынан, есеп қол қойылып ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 37-бабы 2-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес, аудит объектісінің басшысы мүдделері бұзылған тұлғаларды қаржылық бұзушылықтар туралы хабардар етуге міндетті.
Егер кәсіпкерлік субъектілері немесе басқа тұлғалар аудит нәтижелерімен келіспесе, олар аудиторлық есепке немесе бұйрыққа шағымдарын Комитетке жібере алады. Бұл шағымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі шеңберінде қаралады, ал Комитеттің қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда, шағымдар Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясына беріледі.
Осылайша, заңнамаға сәйкес үшінші тұлғалар аудит материалдарына шағымдану құқылы.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 17 тармағына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша: 1) бірінші бағыт: конкурс (аукцион) жарияланған күннен бастап конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін; егер конкурстық құжаттаманың жобасына алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған кезде, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; 2) екінші бағыт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталға орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдау мерзімдері аяқталғанға дейін жүргізіледі. Осылайша, ішкі мемлекеттік аудит органдары мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына жоғарыда көрсетілген мерзімдерде бірінші және екінші бағыттар бойынша камералдық бақылау жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 591 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде қарауға жататын шағымның дәлелдері осы тарауда және Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен қаралмайды.. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, камералдық бақылау шеңберінде қаралуға жататын, алайда камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткеннен кейін берілген өтініштер қаралуға жатпайды. |
|
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, анық емес ақпарат – біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің және (немесе) тартылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) конкурсқа, аукционға қатысуға арналған өтінімінде және растаушы құжаттарында қамтылған, сол сияқты ұсынылған өтінімде шынайы мазмұнды бұрмалайтын және шындыққа және әлеуетті өнім берушінің растаушы құжаттарына сай келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер. Заңның 14-бабы 3 тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде: 1) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні; 2) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін анықталған болса, ұйымдастырушыны, бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. Осы орайда, Заңның 8-бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі: анық емес ақпаратты берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті. |
Мемлекеттік сатып алу туралы веб-порталында бұзылған шарттың мәртебесін қалпына келтіру мүмкіндігіне қатысты келесіні түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабы 21-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 401-бабының 1-тармағына сәйкес, келісімшартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімімен жүзеге асырылады, егер Кодексте, басқа заңнамалық актілер мен шарттарда өзгеше көзделмесе.
Ал 403-баптың 1-тармағына сәйкес, келісімшартты бұзу кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.
Осыған байланысты, тараптардың міндеттемелері бұзылған келісімшартпен тоқтатылғандықтан, мемлекеттік сатып алулар веб-порталында келісімшартты қалпына келтірудің мүмкіндігі жоқ.
Уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшесінің шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші бұл шешімге Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 6-қосымшада көзделген нысан бойынша қарсылық білдіруге немесе қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну арқылы шағым жасауға құқылы.
Камералдық бақылау нәтижелері бйоынша хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі мемлекеттік сатып аулдың веб-порталы арқылы ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссияға Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарсылық береді.
Аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-2-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссияға беріледі.
Аталған Заңның 58-4-бабының 1-тармағына сәйкес, апелляциялық комиссия қарсылықты аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, мұндай қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
|
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 589, 590 және 599 тармақтарына сәйкес тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының атына веб-портал арқылы беріледі. Шағымды мәлімделген талаптар (дәлелдер)шегінде шағымдарды қарауға жауапты тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі не лауазымды адамы қарайды. Осы Қағидалардың 588-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген шағым қарауға жатпайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 6 тармағына сәйкес камералдық бақылауды жүргізу барысында бұзушылықтарды анықтау осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Өз кезегінде, Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушіні жіберу немесе оның өтінімін қабылдамау жөніндегі шешім қабылдау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып шартты жеңілдіктерді заңсыз қолдану бойынша тәуекел профилі көзделмеген. Осылайша, қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша шағымдарын қарау тәртібі айқындалғанын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының аталған тармақтарын басшылыққа алу қажеттігін хабарлаймыз. Сонымен бірге атап өту қажет, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес, Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін. |
Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері өз өкілеттіктері шегінде, өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында, Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 59-тармағына сәйкес, тиісті сарапшыларды мемлекеттік аудит тобының құрамына енгізу арқылы тартады.
Сарапшыларды тартудың мақсаты - сапалы аудиторлық іс-шараны қамтамасыз ету және арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін растау болып табылады.
Сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу азаматтық заңнаманың және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті келісім-шарттарды жасаса отырып, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 21) тармақшасына сәйкес
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт.
Заңның 4-бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабы 1 тармағына сәйкес Азаматтық құқықтарды қорғау сот және арбитраж арқылы жүзеге асырылады.
Тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша Үлгілік шарттың (әрі қарай – Үлгілік шарт) 3.1-бабына сәйкес, өнім беруші өзіне жүктелген шарттық міндеттемелерді толық және дұрыс орындауға міндеттенеді.
Сонымен қатар, Үлгілік шарттың 7.1-бабына сәйкес, тараптардың өз міндеттемелерін орындамауы немесе дұрыс орындамауы жағдайында олардың жауапкершілігі белгіленген, және барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау процесінде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Сондықтан, даулар туындаған жағдайда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы қатынастар сот тәртібімен реттелуге тиіс және Комитет тарапынан қаралуға немесе бақылауға алынбауға жатады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды