«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекеменің негізгі міндеттері қамқорлықтағы адамдарға қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету, оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.
Әлеуметтік-медициналық сипаттағы емдеу-сауықтыру және оңалту іс-шараларын ұйымдастыру үшін стоматологиялық, физиотерапиялық, процедуралық, массаждық, сенсорлық бөлме жабдықталған.
Қамқорлықтағы адамдарды әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-еңбектік оңалтуға, қызмет алушыларды ағаш ұстасы кабинетіндегі сабақтарға, үй жанындағы учаскедегі агротерапияға тартуға бағытталған іс-шаралар көзделген.
Қызмет алушылардың бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін қол шеберлігі мен көркемөнерпаздар үйірмелері, кітапхана жұмыс істейді, мерекелер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мекеменiң мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дорожный тұйық көшесi, 24
Мекеменiң құрылған күнi-2016 жыл
Жоспарлы орын саны: 220 орын




