Жалпы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы
Басқарма туралы
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру, оралмандармен және шетелдiк жұмыс күшiмен жұмыс жүргiзу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Басқарманың миссиясы:
Қазақстан Республикасының Президентiнiң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларына сәйкес халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлжуаз топтарына әлеуметтiк қолдау көрсетудi көздейтiн әлеуметтiк бағдарламаларды орындау саласындағы берiлген тапсырмаларын орындау.