Семинар

2024 жылғы 30 қазанында Мемлекеттік еңбек инспекторы –А.М. Валеев Петропавл қаласы прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп, жұмыс орындарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу шеңберінде еңбек заңнамасы, атап айтқанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша «Петропавл-Кондитер» ЖШС- де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары қауіпті еңбек жағдайларына ұшыраған қызметкерлермен жүргізілді.
Сонымен қатар, семинарға «Петропавл-Кондитер» ЖШС-нің персоналды басқару қызметі және бухгалтерия мамандары қатысты, олар кездесу барысында туындаған барлық өзекті мәселелерге тиісті түсініктемелер алды.