Петропавл қаласында қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Петропавл қаласында қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өмірді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-мен (бұдан әрі – «МСК «МАК» ӨСК АҚ) бірлесіп, аталған компанияның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Оксана Григорьевна Деркачтың қатысуымен Петропавл қаласы кәсіпорындарының өкілдерімен кеңес өткізді.

Кеңес барысында қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері қаралды. Кәсіпорын өкілдеріне осы саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, жұмыс берушілердің қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттері, сондай-ақ осы талаптарды сақтамағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Сақтандыру шарттарын уақтылы рәсімдеу және жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған барлық қызметкерлерді сақтандырумен қамту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.