Еңбек қауіпсіздігі және еңбек заңнамасы мәселелері бойынша семинар

Еңбек қауіпсіздігі және еңбек заңнамасы мәселелері бойынша семинар

2026 жылғы 20 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөліміне қарасты «Арықбалық орта мектебі» КММ-де мемлекеттік еңбек инспекторы А.М. Валеевтің қатысуымен «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Семинар барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі нормалары қарастырылды.