«Енбек жолы» - 2023 өңірлік конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша қорытындысы шығарылды

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Петропавл қ. «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ-да жұмыс істейтін Самковскийлер әулеті жеңіске жетті;
Еңбек әулеттер неден басталады? Мамандығын, сүйікті ісін сүйе білуден және осы сүйіспеншілікті болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру қабілетінен басталады. «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ - еңбек әулеттерінің алтын қоры. Осылайша, Самковскийлер әулеті де өзінің еңбекке деген сүйіспеншілігімен және бір кәсіпорынға деген адалдығымен мақтана алады.
Самковский Виктор Мирославович зауыттағы еңбек жолын 1977 жылы № 15 цехта 5 разрядты электрик-аспапшы ретінде бастады. 1988 жылы мамандығы бойынша 6-разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер болып ауыстырылды. 2019 жылғы қараша айында № 2 құрастыру цехының пластмасса учаскесінің шебері болып ауыстырылды.
Самковская Валентина Григорьевна 1987 жылғы қазан айында зауыттың №2 цехына техник - жоспарлаушы ретінде жұмысқа келді. 2006 жылғы қаңтар айынан бастап № 1 механикалық цехқа қоймашы-диспетчер лауазымына ауыстырылды, өндірісте өзінің практикалық дағдыларын өз бетінше арттыра отырып, 2020 жылғы қаңтарда инженер-диспетчер лауазымына тағайындалды.
Самковский Александр Викторович зауытқа 1996 жылы сәуірде № 2 құрастыру цехына пластмассадан жасалған бұйымдарды престеуші болып жұмысқа қабылданды.
Самковская Нина Викторовна зауытқа 2014 жылғы маусым айында №2 құрастыру цехының пластмассадан жасалған бұйымдарды өңдеушінің шәкірті ретінде келді. 2014 жылғы қазанда №2 құрастыру цехының пластмассадан жасалған бұйымдарды өңдеушінің 2 біліктілік разряды берілді.
Барлық мүшелерінің еңбек өтілін қосса, бір ұйымда 118 жыл бойы ұзақ еңбек етіп келген Самковскийлер әулеті «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ-да ең көп наградалары отбасы болып саналады.
Одан әрі «Еңбек Жолы» конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін конкурстың облыстық кезеңі жеңімпаздарының құжаттары ҚР ЕХӘҚМ жіберілді.