«Еңбек шартын жасаңыз» облыстық науқаны аясында жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2023 жылғы 18-19 сәуірде СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы А.Н. Бейсембин «Еңбек шартын жасаңыз» облыстық науқаны аясында Аққайың және Тайынша аудандарының жұмыс берушілерімен семинар-кеңестер өткізді.
Семинар-кеңес барысында жұмыс берушілерге:
- «Еңбек шартын жасаңыз»!» облыстық науқаны;
- «Өндірістік саладағы өлім-жітім мен өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар»;
- «Еңбек міндеттерін атқарған кезде қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы»;
- «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау» тақырыптары бойынша түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, барлық меншік нысандарының басшылары өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
Семинар қорытындысы бойынша, аудан әкімдерінің орынбасарлары бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторы Тайынша қаласының тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.