«Bakerton» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының прокуратурасымен бірлесіп, «Bakerton» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары, жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, сондай-ақ өндірісте еңбекті қорғау талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпті өндірістік факторларды уақтылы анықтау және жою, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.