Жиі қойылатын сұрақтар
«Болашақ» бағдарламасының «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша стипендиаттары шетелде тіл курстарынан өте алмайды, өйткені магистр дәрежесін алу үшін «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлеріне арналған тіл курстары тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана және 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы №318 бұйрығымен реттеледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011258.
Мысалы: Мен – Мадинамын, «мемлекеттік қызметші» санаты бойынша «Болашақ» стипендиясының иегерімін. Мен тілдік курстарды шетелде өте аламын ба?
Мадина, «Болашақ» халықаралық стипендиясының «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша иегерлері үшін шетелде тіл курстарынан өту мүмкін емес. Сіз тіл курстарынан тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана, мерзімі бір жылдан аспайтын уақыт аралығында өте аласыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 «Шетелде оқуға жіберу, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020730) бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қарау және қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.
Мысалы: Менің атым – Диас. Мен 26 қаңтар күні University College London университетіне «Құқық» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына «Болашақ» халықаралық стипендиясы конкурсына қатысу үшін құжаттарымды тапсырдым. Құжаттар қанша уақытта қаралады және жауапты қашан күтуге болады?
Диас, «Болашақ» стипендиясы бойынша құжаттарды қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды, яғни сіз жауапты 27 қаңтар күні жұмыс күні ішінде аласыз.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауда үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР ҮҚ) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен реттеледі. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573)
Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарастырып, «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткерге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында ақпарат орналастыру арқылы хабар етіледі. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделіп, оған қатысқан барлық Комиссия мүшелері қол қояды.
Осыған орай қолданыстағы ҚР ҮҚ заңнамасында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылмаған.
Сонымен қатар Ережеге сәйкес үміткер келесі конкурстың конкурстық іріктеуіне қатысуға құқылы.
Мысалы: Менің атым – Ардақ. Мен конкурсқа қатысып, University of Reading (Ұлыбритания) университетіне докторантура бағдарламасы бойынша құжат тапсырдым, алайда маған «Болашақ» стипендиясы тағайындалмады. Менің конкурс нәтижелерім қайта қаралуы мүмкін бе?
Ардақ, үшінші турда комиссия алғашқы екі турдың нәтижелерін қарап, соңғы шешім қабылдайды: «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе бас тарту. Бұл шешім хаттамамен рәсімделіп, комиссия мүшелері қол қояды. Бұл шешімді қайта қарауға болмайды.
Тұру, тамақтану және оқу әдебиеттерін сатып алу үшін ай сайынғы стипендияны төлеу алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі. Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алу шығыстарының сомаларын есептеу бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан және тағылымдамадан өту кезеңінде ай сайын жүргізіледі.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығымен реттеледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613.
Мысалы: Мен, Темірлан, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты ретінде оқуым 2 қыркүйекте басталады, ал оқуға 22 тамыз күні ұшамын. Стипендияны қашан аламын?
Темірлан, ай сайынғы стипендия алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейінгі аралықта төленеді. Сіздің жағдайыңызда алғашқы стипендия 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында төленеді. Сонымен қатар академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарына арналған шығындар жылына екі рет төленеді, ал тілдік курстар мен тағылымдамалар кезеңінде ай сайын төленеді.
Оқу еліне келгеннен кейін Стипендиат төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
1) Оқу басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде АО «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (бұдан әрі – Орталық) ұйымына бекіту үшін оқу жоспарын ұсынуы тиіс, онда оқу орны белгілеген міндетті практика және/немесе тағылымдама көрсетілуі қажет;
2) Оқу басталғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Стипендиат Орталыққа оқу орны әкімшілігіне Орталыққа Стипендиат туралы құпия ақпаратты (үлгерімі туралы мәліметтер, академиялық мәртебесі, оқу мерзімі) беруге құқық беретін қол қойылған рұқсатты тапсыруы тиіс.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығымен реттеледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613
Мысалы: Мен, Ақерке, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын, Австралияға оқуға бара жатырмын және оқу еліне келгеннен кейін АО «Халықаралық бағдарламалар орталығына» қандай құжаттарды ұсыну қажет екенін білгім келеді?
Ақерке, Сіз оқу басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде оқу жоспарын, сондай-ақ 15 күнтізбелік күн ішінде оқу орнына Сіздің үлгеріміңіз, академиялық мәртебеңіз және өзге де ақпарат туралы мәліметтерді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на беруге құқық беретін қол қойылған рұқсатты ұсынуыңыз қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 ««Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880), егер Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының/жұбайының, балаларының) меншігінде ауыртпалық салынбаған жылжымайтын мүлік (яғни кепілде, тыйым салынған немесе ипотекада тұрмаған жылжымайтын мүлік) болмаған жағдайда, оқу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін Стипендиат Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жасы 50 (елу) жасқа дейінгі және соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде тұрақты табысы бар 5 (бес) кепілгерді ұсынуы тиіс. «Болашақ» бағдарламасы алдында міндеттемелері бар Стипендиат кепілгер бола алмайды.
Мысалы:
Менің атым Арман, мен «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын. Менің және отбасы мүшелерімнің меншігінде жылжымайтын мүлік болмаса, бірақ мен 5 кепілгер ұсына алатынымды білсем, олар міндетті түрде менің туыстарым болуы керек пе?
Жоқ, міндетті емес. Кепілгер ретінде соңғы бір жыл ішінде тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы бола алады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 24-тармағына сәйкес тағылымдамадан өткен түлектер «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған мамандығы бойынша кемінде 3 жыл міндетті түрде еңбек өтеуге тиіс:
– оларды тағылымдамаға жіберген ұйымда (жұмыс берушінің өтінімі бойынша);
– немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осы жұмыс берушінің филиалдарында/өкілдіктерінде;
– немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа ұйымдарда, бірақ тек жұмыс берушінің келісімі болған жағдайда.
Мысалы: Мен «Болашақ» бағдарламасы аясында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ-ның ұсынған өтінім бойынша тағылымдамадан өттім. Еңбек өтеуін міндетті түрде осы ұйымның базасында жүзеге асыруым қажет пе, әлде басқа ұйымға ауысып еңбек өтеуіне рұқсат етіле ме?
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ-ның келісімі болған жағдайда, Сіз «Болашақ» бағдарламасы аясында алған мамандығыңыз бойынша Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де ұйымдарда кемінде үш жыл мерзімге еңбек өтеуді жүзеге асыра аласыз.
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде конкурстық іріктеуге Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі, бұл ретте олардың тілдік курстарда оқу, академиялық оқу/тағылымдамадан өту және кейінгі өтеу мерзімдерінің жиынтығы құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамамен белгіленген жалпы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс, сондай-ақ бакалавр дәрежесін алу үшін орта білім туралы құжаты болуы қажет.
Үміткер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысының талаптары мен шарттарына сәйкес құжаттарды ұсынуы тиіс.
Мысалы:
Үміткер Марат С. (жасы 40-та) Астана қаласындағы №9 қалалық емханада дәрігер болып жұмыс істейді. Ол «медицина қызметкері» санаты бойынша Америка Құрама Штаттарында 12 айлық тағылымдамадан өту үшін құжат тапсыра ала ма?
Иә, үміткер Марат С. тағылымдамадан өту үшін құжат тапсыра алады, себебі оның жасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы талаптарына сәйкес келеді және оның жоғары білімі бар.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы №413 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880 кепіл нысанасын ауыстыру мүмкіндігі көзделген. Ауыстыру туралы шешім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 314-бабына сәйкес ұсынылатын жылжымайтын мүліктің құнын, сапалық және сандық сипаттамаларын, географиялық орналасуын, сондай-ақ оқытудың нақты құнын (егер оқыту аяқталған болса) ескере отырып қабылданады. Мәселені қарау үшін қолданыстағы және ұсынылатын кепілді бағалау туралы есептерді (6 айдан аспайтын мерзімде), сондай-ақ ұсынылатын мүлікке шектеулердің, ауыртпалықтардың және заңды талаптардың жоқтығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ауыстыру негіздемесі бар өтінішті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға жіберу қажет.
Мысалы:
Мен «Болашақ» бағдарламасының түлегімін, менің оқуыма 25 000 000 теңге жұмсалды. Алайда, оқу шартын жасасу кезінде мен құны 60 000 000 теңгені құрайтын пәтер салдым, осы пәтерді ауыстырып, құны 28 000 000 теңгені құрайтын пәтерді кепілге қоя аламын ба? Иә, мұндай мүмкіндік бар, себебі кепілге ауыртпалықсыз және оның құны кепілге қойылған мүлікке тең немесе «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын оқытуға жұмсалған нақты шығындардың құнын жабатын жылжымайтын мүлік қабылданады. Бұл ретте Сіз қажетті растайтын құжаттарды ұсынуға міндеттісіз.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесі (бұдан әрі – Комитеттің басылымдар тізбесі) бірнеше тізімдерден тұрады – 1-тізім, 2-тізім, 3-тізім және әскери және арнайы органдар журналдарының тізімі.
Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013409) 6-тармағына сәйкес журналды Комитеттің басылымдар тізбесінің 3-Тізіміне қосу үшін шетелдік авторлар мақалаларының, сондай-ақ ағылшын тіліндегі мақалалардың болуы керек. Бұл ретте олардың әр нөмерде болуы міндеттелмеген.
Мысалы, шетелдік авторлардың мақалалары журналдың бір жылда шыққан тек бір номерінде бар, ал шет тіліндегі мақалалар екі номерде жарияланған. Осы екі жағдайда да бұл талап орындалды деп есептеледі.