Жиі қойылатын сұрақтар
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатын Мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады https://egov.kz/cms/kk.
Қызметтің атауы – «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру. Қызмет көрсету мерзімі – 30 (отыз) минут.
Мысалы:
Мен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде University of Exeter (Ұлыбритания) университетінде «Мемлекеттік саясат, Саясаттану, Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратурада оқыдым. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша білім алғанымды растайтын анықтаманы қалай және қайдан алуға болады?
Иә, Сіз «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты екеніңізді растайтын анықтаманы «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ала аласыз. Қызмет 30 минут ішінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017650) сәйкес шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) түсуге құқылы.
Оқуға қабылдау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін қабылдау қағидаларына, сондай-ақ халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Шетел азаматтары ЖЖОКБҰ келесі негіздер бойынша оқи алады:
білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттар негізінде ақылы түрде;
мемлекеттер арасындағы халықаралық келісімдер шеңберінде;
тиісті шарттар мен конкурстық іріктеу болған жағдайда стипендиялық бағдарламалар мен білім беру гранттары бойынша.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығы «Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017520) (бұдан әрі – Ереже).
Мысал, Мен, Е.Қайратов, Моңғолия Республикасының азаматы, ұлтым – қазақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне мемлекеттік білім беру гранты бойынша түсе аламын ба?
Иә, Стипендиялық бағдарламаларға қатысу Ережесіне сәйкес, Сіз Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына стипендиялық бағдарлама шеңберінде оқуға түсуге құқылысыз.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 18 бұйрығымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) өзгерістер енгізіліп, 2026 жылғы 23 наурызда күшіне енді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037860
Енгізілген өзгерістер шеңберінде біліктілік талаптарына магистратураның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін оқытылатын пәндер бейініне білім мен ғылыми дәреженің сәйкестігіне баламалы көрсеткіштер енгізілді. Магистратурада жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ететін оқытушылар құрамына қойылатын біліктілік талаптарының 21-тармағына (21.2-тармақшасы) сәйкес мынадай критерийлер белгіленген:
оқытушылардың білімінің және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және (немесе) ғылыми атағының оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі;
не:
оқытушылардың білімінің және (немесе)1 ғылыми дәрежесінің (кандидат/ғылым докторы) немесе ғылыми дәрежесінің (PhD философия докторы/осы саладағы докторы) және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми атағының оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі және оқытылатын пәндер бейіні бойынша соңғы бес жыл ішінде бірінші немесе екінші деңгейдегі Басылымдар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығы) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013409 жарияланған кемінде 3 (үш) мақаланың, сонымен қатар мақаланың жарияланған сәтінде JCR (ZhSR) бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded дерекқорларының (Science Citation Index Expanded), Social Science Citation Index (Social) бірінде индекстелген Web of Science Core Collection (Web of Science Core Collection) ішіндегі Science Citation Index) немесе Arts and Humanities Citation Index (Arts End Humanities Citation Index) немесе Scopus дерекқорындағы CiteScore пайыздық ұпайы кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланған ғылыми журналда оқытылатын пәндер бейіні бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде жарияланған кемінде 1 (бір) ғылыми мақала (article) немесе шолудың (review) болуы.
1«...және (немесе)... болған жағдайда» немесе ретінде түсіндіріледі.
Мысалы.
ЖЖОКБҰ-да азаматша А. магистратурада «Құқық» кадрларын даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының пәндерін оқытуға ниет білдірді. Оның «Философия» мамандығы бойынша жоғары білімі, сондай-ақ «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар, сонымен бірге «Құқық» бейіні бойынша ғылыми еңбектер циклынің, атап айтқанда, соңғы бес жылда ғылыми басылымда жарияланған оқытылатын пән бейіні бойынша тізбенің бірінші немесе екінші деңгейінің 3 (үш) мақаланың, сондай-ақ мақаланың жарияланған сәтінде халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы Scopus (Скопус) дерекқорындағы көрсеткіші CiteScore (СайтСкор) пайыздық ұпайы кемінде 25 пайыздан кем емес соңғы бес жылдағы 1 (бір) мақаласы бар авторы болып табылады. Азаматша А. Біліктілік талаптарының критерийлеріне сәйкес ғылыми дәрежесі мен ғылыми-зерттеу қызметінің көрсеткіштері «Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес келеді, осылайша ол магистратурада «Құқық» кадрларды даярлау бағытының пәндерін жүргізуге құқылы.
Егер «Болашақ» стипендиясын алғаннан кейін шетелдік жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламасы жабылса немесе елеулі түрде өзгертілсе, стипендиат дереу «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамға хабарлауы және жоғары оқу орнынан (бұдан әрі – ЖОО) растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) өтініш жазып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне кіретін ЖОО-дан сабақтас мамандық бойынша шақыру ұсынуы қажет.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінде туындайтын жеке мәселелер, өтініштер және стандартты емес жағдайлар Комиссияның қарауына жатады.
Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №454 бұйрығымен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033390.
Мысалы: Мен, Мейрам, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын. University of South Florida (Америка Құрама Штаттары) университетіне оқуға түстім және қыркүйек айында оқуға кетуім керек еді. Алайда университеттен білім беру бағдарламамның жабылғаны туралы хабарлама алдым. Енді не істеуім керек? Мейрам, Сізге University of South Florida университетінен білім беру бағдарламасының жабылғаны туралы ресми растауды, сабақтас мамандық бойынша жаңартылған шақыруды және Комиссияға өтініш ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың (бұдан әрі – Тізім) тізімін келесі көрсеткіштерге сәйкес қалыптастырады:
- ғылыми орталықтар мен өзге де ұйымдар үшін көрсеткіш – Тізімді қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес халықаралық ғылыми институттардың SCImago Institutions Rankings (Саймаго) рейтингінің алғашқы 1000 (мың) позициясының қатарына енуі;
- шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін көрсеткіш – Тізімді қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік университеттерінің халықаралық QS University Rankings by Subject (Квакарелли Саймондс) рейтингінің алғашқы 100 (жүз) позициясының қатарына енуі.
Мысалы: Сәлеметсіз бе! Менің атым Алмас, мен ғылыми тағылымдамадан өткім келеді. Жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізімімен қай жерден танысуға болады және олар қандай қағидат бойынша осы Тізімге енгізіледі?
Алмас, Тізім оны қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес жасақталады: шетелдік жоғары оқу орны халықаралық QS University Rankings by Subject рейтингінің алғашқы 100 позициясының қатарына, ал шетелдік ғылыми ұйым халықаралық SCImago Institutions Rankings рейтингінің алғашқы 1000 позициясының қатарына енуі тиіс.
Тізіммен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтында келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://bolashak.gov.kz/kz/ym%D1%96tkerge-ns-bojynsha/zhoo-lar-gylymi-ortalyktar-yjymdar.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы қолданыстағы қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) шетелдік жоғары оқу орнының шақыруында көрсетілген мамандықтың атауы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесінде көзделген мамандықтың атауына сәйкес келмейтін жағдайларды жеке қарастыру мүмкіндігі қарастырылмаған.
Осыған байланысты құжаттар қолданыстағы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылуы мүмкін.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573
Мысалы: Қайырлы күн! Менің атым – Қанат, менде «Клиникалық стоматология» мамандығы бойынша шетелдік жоғары оқу орнының шақыруы бар, алайда басым мамандықтар тізімінде бұл мамандық жоқ. Мамандық болмаған кезде жеке қарастыруға бола ма Қайырлы күн Қанат! «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің қолданыстағы ережелерінде жеке қарастыру мүмкіндігін көздейтін норма жоқ. Сіз қолданыстағы Ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды ұсына аласыз. Ағымдағы тізіммен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтынан сілтеме бойынша танысуға болады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер Қазтест сертификатын алу үшін testcenter.kz сайтына тіркеліп, тестілеуге қатысуға өтініш береді. Одан соң белгіленген күні тест тапсыра алады.
Мысалы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер Гауһар Қазтест тапсыруды жоспарлауда. Ол алдымен testcenter.kz сайтына тіркелуі қажет. Одан соң сайттағы «Қазтест» бөліміне өтеді, сол кезде «Тестіленушілерге» батырмасын таңдап, тестілеуден өтуге өтініш береді. Содан кейін Гаухардың жеке кабинетіне тестілеу өтетін уақыты, орны және аудиториясы жазылған хабарландыру келеді.
Жыл сайын Польша Үкіметі қазақстандық азаматтарды келесі бағыттар бойынша оқытуға гранттар бөледі: «бакалавриат» (3 орын), «магистратура» (4 орын), «докторантура» (4 орын).
Шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде айқындалған: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000328.
Мысалы: Мен, Мұрат, магистратураны аяқтағаннан кейін оқуымды жалғастыруды жоспарлап отырмын және Польшада «докторантура» бағыты бойынша гранттар бөліне ме, соны білгім келеді.
Қайырлы күн, Мұрат. Иә, сіз Польша жоғары оқу орындарында «докторантура» бағдарламасы бойынша оқу үшін құжат тапсыра аласыз, себебі Польша жыл сайын докторантураға 4 орын бөледі.
Қазақстан аумағында сапарлар кезінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына әуе көлігімен немесе теміржол көлігімен (тікелей маршрут бойынша) жүру шығындары өтеледі. Бұл ретте өтемақы сомасы купе вагонындағы билет құнынан аспайтын мөлшерде есептеледі. Қымбат санаттағы билеттер, атап айтқанда: жоғары жайлылықтағы вагон санаты, сондай-ақ жүрдек пойыздардағы «Турист» және «Бизнес» сыныптары бойынша билеттер өтелмейді. Қосымша түрде теміржол кассасынан өз маршрутыңыз бойынша жол жүру билеті құны көрсетілген анықтаманың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығымен реттеледі:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880
Мысалы:
Мен, Исатай, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болып табыламын және National University of Singapore (Сингапур) университетінің магистратурасына оқуға түстім. Ақтау қаласында тұрамын. Мен Ақтау – Астана бағыты бойынша, әрі қарай Астана – Сингапур бағыты бойынша әуе билетін сатып алдым. Ақтау – Астана, яғни Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі бағыттағы әуе билеті құны өтелуге жата ма?
Иә, Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі бағыт бойынша әуе билеті құны өтелуге жатады, алайда өтемақы әуе билеті құны бойынша емес, теміржол көлігі тарифі шегінде, купе вагонында жүру құнынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Сондай-ақ қосымша түрде теміржол кассасынан сіздің бағытыңыз бойынша жол жүру билеті құны туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613), әуе ұшу шығындары (әуе билеті) шетелдік жоғары оқу орнының академиялық күнтізбесіне сәйкес ұзақтығы 2 (екі) ай және одан да көп семестраралық каникул кезеңінде ғана төленеді (өтеледі). Ұзақтығы екі апта болатын семестраралық каникул кезеңіндегі ұшуға жұмсалған шығындар өтелмейді.
Мысалы: Менің ұлым «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болып табылады және Бостон университетінде (Америка Құрама Штаттары) магистратурада білім алуда. Ұзақтығы 2 апта болатын каникул кезеңінде Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ оның әуе ұшу шығындарын төлей ме?
Жоқ, ұлыңыздың әуе ұшу шығындары төленбейді, себебі әуе ұшу шығындары тек ұзақтығы 2 (екі) ай болатын семестр аралық каникул кезеңіне ғана төленеді.