Жиі қойылатын сұрақтар
Ғылым саласындағы негізгі заңнамалық актілер келесілер: «Ғылым және технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103; «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы 517 бұйрығы; «Еңбекақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 573 бұйрығымен және басқаларымен.
Мысалы, ғылыми қызметкер келесі сұрақпен жүгінді: ол граннтық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін құжаттарын жолдауға жоспарлайды. Қандай заңнамалық актіде оған ақпаратты алуға болады? Ақпаратты ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығынан алады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 12-тармағына сәйкес аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін тоқтатылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Тоқтату мынадай жағдайларда:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) немесе таратылған;
2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;
3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген).
Мысалы:
ЖШС аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін қайта құру туралы хаттамадан үзінді көшірмесін ұсынды. Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәлік мерзімі өткенге дейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035344
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 1-тарауы, 2-тармағының 16-тармақшасына сәйкес регламенттеледі.
Қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын және осы бағалау бойынша қорытынды беретін жеке тұлға.
Мысалы, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша жоғары білімі бар, жұмыс өтілі 5 жыл жеке тұлға осы бағытта сарапшы бола алатынын білгісі келеді. Жоқ, мүмкін емес, өйткені ол мамандық пен жұмыс өтіліне сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығына өзгерістер енгізу және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі №335 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы 2026 жылғы №63 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 7-тармағына сәйкес;
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037976/links
Электрондық түрде – astanahub.com платформасында
Мысал, ұйымның аккредиттеу туралы куәлігінің мерзімі өткен жоқ, ол 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады. Осыған қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы 2025 жылғы қарашада құжаттарды қайта аккредиттеуге жібереді. Бұл ұйымға құжаттарды аккредиттеу мерзімі өткеннен кейін тапсыру ұсынылады, өйткені куәлік әлі бір жылға жарамды.
Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда куәліктің телнұсқасын беріледі.
Телнұсқаны беру:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығына өзгерістер енгізу және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі №335 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы 2026 жылғы №63 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 11-тармағына сәйкес
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037976/links
Электрондық түрде – astanahub.com платформасында.
Мысал: Жоғалуына байланысты ұйым телнұсқа беру туралы өтініш берді. Құжаттар топтамасының талаптарға сәйкестігі қаралып, телнұсқа берілді. Бұл ретте телнұсқа жаңа 5 жылға берілмейді, бұрын берілген қолдану мерзімімен беріледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығына сәйкес (2026 жылғы 11 ақпандағы №63 бұйрықпен енген өгерістер енгізілген) мемлекеттік қызмет ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» арқылы жүзеге асырылады (astanahub.com. Сілтеме: https://arm.astanahub.com/).
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Мысалы:
Жеке тұлға – ғалым, өңірде бола отырып, құжаттарды электронды форматта жүктейді және аккредиттеуге өтінім береді. Өзінің жеке кабинетіне аккредиттеу туралы электрондық куәлік алады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылады («Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 9-бабының 1-тармағы (бұдан әрі – Заң). https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z166
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ерікті аккредиттеу рәсіміне жатады. Мемлекеттік қаржыландыруға қатысатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері міндетті аккредиттеу рәсіміне жатады (Заңның 27-бабының 1-тармағы) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z404
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен айқындалған. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Мемлекеттік қызмет Ұлттық инновациялық жүйенің «Бір терезе» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда көрсетіледі.
Мысал: бізге бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) аккредиттеу, жоғары оқу орындарын аккредиттеу және басқа да аккредиттеу түрлері бойынша өтініштер түсіп жатады. Алайда аталған аккредиттеу түрлері көрсетілген заңнаманың қолданылу аясына жатпайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 23 қаңтардағы №24 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне сәйкес, 2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурсты өткізу мерзімдері бекітілді:
құжаттарды қабылдау – 2025 жылғы 3 наурыздан 19 қарашаға дейін. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G25HN000024
Мысалы, жоғары оқу орнының оқытушысы ғылыми тағылымдамаларды тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезеңіне қызығушылық танытады. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін құжаттарды 2025 жылғы 3 наурыздан 19 қарашаға дейін беруге болады.
Ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуі жұмыс органымен бекітілетін шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар және өзге де ұйымдар тізіміне кіретін шетелдік ұйымдарда 3 (үш) айдан 12 (он екі) айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Мысалы, жеке тұлғаны ғылыми тағылымдаманың ең төменгі және ең жоғары кезеңі қызықтырады. Конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамаларды 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылған өзге де жетекші шетелдік ұйымдардың тізбесіне кіретін ұйымдарда өтеді.
Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткер келесі талаптарға сәйкес келетін ғылыми қызметкер болып табылады: ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі; философия докторы (PhD) және (немесе) профиль бойынша доктор; магистр дәрежесі; аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде (заңды тұлғаларда) соңғы 12 (он екі) ай ішінде таңдалған мамандандырылған ғылыми бағыт саласында үздіксіз нақты жұмыс өтілі болуы, және қажетті кезеңнің барлығына міндетті зейнетақы жарналарының аударылғанын растайтын құжаттардың болуы (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ескере отырып), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 3-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2300000224; ғылыми зерттеу тақырыбына сәйкес тағылымдамадан өтуді қамтамасыз ететін тізімге енген шетелдік ұйымнан сөзсіз шақыру (қаржылық шарттарды қоспағанда); осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген деңгейге сәйкес қазақ және шетел тілдерін меңгергенін растайтын жарамды ресми сертификат; Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық мәліметтер базаларында индекстелетін кемінде бір мақала немесе шолу немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №20 бұйрығымен бекітілген ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізу талаптарына қойылатын талаптарға (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13409 тіркелген) сәйкес келетін 1-ші немесе 2-ші тізімдегі отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақала және (немесе) Derwent Innovations Index (Дервент инновейшн индекс) халықаралық өтінімі. Scopus (Скопус) және (немесе) Web of Science (Веб оф сайнс) базаларында халықаралық рецензияланған ғылыми журналдың индексациясы бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, осы журналдағы үміткердің барлық мақалалары есепке алынбайды; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207-бабына сәйкес таңдалған ғылыми зерттеу бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өту және кейінгі өтеу мерзімдерінің жиынтығы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Мысалы
Сұрақ: Менде жұмыс өтілі 3 жыл. Мен ғылыми тағылымдамаға құжат тапсыруыма болады ма?
Жауап: Ия, Сіз тағылымдамаға құжат тапсыра аласыз. Тағылымдамадан өтуге үміткер үшін міндетті талап – соңғы 12 ай ішінде таңдалған ғылыми мамандық саласында үздіксіз нақты жұмыс өтілінің болуы. Бұл жұмыс өтілі заңды тұлға болып табылатын аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде расталуы тиіс.
Егер үміткердің соңғы 12 айдағы үздіксіз еңбек қызметін растайтын ресми құжаты болмаса, ол конкурсқа қатыса алмайды.