Жиі қойылатын сұрақтар
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды қоса береді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020730#z21
Мысалы:
Үміткер «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қолма-қол тапсыра алады ма?
Жоқ, қолма-қол тапсыра алмайды. Үміткерлер құжаттарды тек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі белгілеген қабылдау мерзімі ішінде «Электрондық үкімет» e-gov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады.
https://egov.kz/cms/kk/services/higher_education/184pass_mon
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573 сәйкес, құжат қабылданатын және конкурстық іріктеу өткізілетін мерзімді жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда орналастырады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау мерзімдері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады: https://bolashak.gov.kz/ru
Мысалы:
Үміткер белгіленген мерзімде конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсырып үлгермесе, оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер құжаттарды қабылдаудың бекітілген мерзімінде тапсыруы керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына сәйкес «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурсы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573). «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеудің үшінші кезеңінің нәтижелерін Республикалық комиссия қарайды. Алғашқы екі тур өткізілгеннен кейін әкімші материалдарды жұмыс органына үшінші тур өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей енгізеді. Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарастырып, «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткерге 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімшінің ресми интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру арқылы жарияланды.
«Болашақ» бағдарламасының ресми порталында (https://bolashak.gov.kz/kz) «Болашақ» стипендиясы тағайындалған стипендиаттардың ғана мәліметтері жарияланады. Стипендия тағайындалмау туралы нақты ақпарат алу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның электрондық поштасына жүгіну қажет (info@bolashak.gov.kz).
Мысалы:
Мен өз атымды Ресми сайтта жарияланған «Болашақ» стипендиясына ұсынылған тізімнен таба алмадым. Неліктен мен тізімде жоқпын?
Сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның электрондық поштасына (info@bolashak.gov.kz) сұрағыңыз мен өз деректеріңізді жазу арқылы хабарласу қажет.
Үкіметаралық келісімдер шеңберінде оқуға ниет білдірген үміткерлер қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 76-90-76 (ішкі 110, 112, 113, 114, 115) нөмірі бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Орталық) жүгіне алады. Сондай-ақ, барлық ақпарат Орталықтың сайтында жарияланады https://bolashak.gov.kz/kz
Мысалы:
Астанадан келген үміткер «Халықаралық бағдарламалар орталығынан» кеңес алып, құжаттарын тікелей кеңседе тапсырғысы келеді. Ол үшін кеңсеге келе алады ма?
Иә. Үміткер «Халықаралық бағдарламалар орталығы», Сығанақ 70 мекенжайы бойынша жүгіне алады.
«Болашақ» бағдарламасы аясында конкурстық іріктеуге қатысу үшін жас шектеулері бар. Құжаттарды тапсыру сәтінде үміткердің жасы заңнамада белгіленген жалпы зейнеткерлік жас шегінен аспауы тиіс.
«Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен түлектер міндетті еңбек қызметін жұмыс берушінің өтініміне сәйкес оларды жіберген ұйымдарда, сондай-ақ жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдарында, өкілдіктерінде не жұмыс берушінің келісімі болса, Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге де ұйымдарда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған мамандығы бойынша кемінде үш жыл мерзімге жүзеге асыруы тиіс.
Егер Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының) кепіл ретінде ұсынатын жылжымайтын мүлкі болмаса, Стипендиат Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жасы 50 (елу) жасқа дейінгі және соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде тұрақты табысы бар 5 (бес) кепілгер ұсына алады. «Болашақ» бағдарламасы алдында міндеттемелері бар Стипендиат кепілгер бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қарау және қабылдау немесе «Болашақ» стипендиясы конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.
«Мемлекеттік қызметшілер» санаты (магистратура) бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне арналған тілдік курстар тек Қазақстан Республикасының аумағында және 12 айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.
Қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде «Аbai.institute» веб-порталы жұмыс істейді. Бұл – еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.
Портал 6 тілде (ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.
Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді.
Сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасына арналған қазақ тілін үйрететін «Қазақ тілі» әмбебап басылым әзірленді. А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша басылымның контенті қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, «Abai.institute» онлайн платформасына орналастырылды.
Жоба аясында Түркия, Ресей, Австрия, Польша, Франция, Венргия, Иран, Моңғолия қазақ тілі кабинеттерін ашу арқылы офлайн және онлайн оқыту жүргізілуде.