Жиі қойылатын сұрақтар

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319) жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес күндізгі бөлімде жоғары білім алу үшін, тізбесін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының соңғы үш жылда бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтары өздері таңдаған мамандығы олимпиада немесе конкурс пәніне сәйкес келген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулерін ескере отырып, академиялық оқуға шартсыз қабылданған жағдайда (қаржылық шарттарды қоспағанда) конкурстық негізде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құқығы бар.

Мысалы:

Менің қызым биыл мектепті бітіреді, сондай-ақ шетелдік университеттен оқуға шақыру алды. Ол математика пәнінен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы. Бұл олимпиада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының ресми сайтындағы олимпиадалар тізімінде бар. Ол «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелге бакалавриат бойынша оқуға бара ала ма?

Иә, сіздің қызыңыз бакалавриат бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады, бірақ бұл ретте олимпиада пәні өзі таңдаған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.