Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Конституцияның 7-бабының  1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Осындай норма «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңында да көзделген. Мемлекеттік тіл Конституциямен және Заңмен қорғалған.

Сол себепті, бүгінгі күні ҚР Конституциясына тілдік мәртебеге  қатысты өзгерістер енгізу күн тәртібінде тұрған жоқ.