Жиі қойылатын сұрақтар
ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында онлайн режимде жүзеге асырылады.
Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін және уақытын, тест тапсыру орнын (ҰБТӨП-ті) өзі таңдай алады.
ҰБТ-ны электрондық форматта өту кезінде республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін тұлғалар күнтізбелік жылғы 10 мамыр мен 10 шілде аралығында тапсырған ҰБТ нәтижесінің біреуімен қатысады (егер екі рет берілген мүмкіндікті пайдаланған болса).
Аталған ҰБТ-ға өтініш күнтізбелік жылғы 10-25 сәуір аралығында қабылданады.
ҰБТ:
1) күнтізбелік жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында – тестілеу нәтижесі ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды;
2) күнтізбелік жылғы 1 наурыз – 6 сәуір аралығында – тестілеу нәтижесі ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды;
3) күнтізбелік жылғы 10 мамыр мен 10 шілде аралығында – тестілеу нәтижесі республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды. Бұл ретте, түсушілерге көрсетілген кезеңде 2 (екі) реттен артық емес тест тапсыруға мүмкіндік беріледі және де екі мүмкіндікте бейіндік пәндер комбинациясы ауыстырылмайды;
4) күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында – тестілеу нәтижесі ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды.
2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары (Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарды береді.
Министрлік өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттар сериясын бекітеді.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың нөмірлері мен QR кодтарын генерациялау Арнайы қызмет арқылы жүзеге асырылады, оның көмегімен жоғары оқу орындарына сериялар мен реттік нөмірлеу, сондай-ақ QR коды беріледі.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың нөмірлерін қалыптастыру ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізілген білім алушылар туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Білім алушы ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда нөмірлерді генерациялау мүмкін емес.
Генерацияланған нөмірлер мен QR кодтары жоқ өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттар жарамсыз болып саналады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қорғаныш белгілері болады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың мәліметтерін өзектендіру (түзету) мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, цифрландырылған құжаттарды өзектендіру (түзету) үшіне портал білім алған жоғары оқу орнына жүгінуге болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасау 2000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеледі не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады.
Жалған құжатты пайдалану 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылады не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынады.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарымен білім туралы құжаттарды цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жоғары оқу орнының білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда, білім алушылардың жеке іс құжаттарын тұрғылықты жеріне байланысты қалалық немесе облыстық архивке тапсырады.
Сонымен қатар, білім туралы құжаттарды растау үшін https://epvo.kz/#/verification_education_document немесе https://dv.iac.kz/vuz-verify/ сайтына, сайтта болмаған жағдайда жоғары оқу орындарына және жабылған жоғары оқу орындарының түлектері болған жағдайда жоғары оқу орнының тұрғылықты жеріне байланысты қалалық архивке немесе Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қаласындағы филиалына (Алматы қ., Жамбыл к., 25, +7 701 745 3689) жүгінуге болады.
Жоғары оқу орындарының білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда, білім алушылардың жеке іс құжаттарын тұрғылықты жеріне байланысты қалалық немесе облыстық архивке тапсырады.
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы 15-бабы 5-тармағына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың архивтік құжаттан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер алуға құқығы бар. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке меншік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
Осыған байланысты, архивтік анықтаманы алу үшін жоғары оқу орнының тұрғылықты жеріне байланысты қалалық немесе облыстық архивке жүгінуге болады.
Білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар жоғары оқу орындарымен жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда)) өзгерткендерге беріледі.
Тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) өзгерген және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм туралы құжат бүлінген жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасың алу үшін жеке тұлға жоғары оқу орны (көрсетілетін қызметті беруші) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – ХҚО) немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы өтініш жолдайды.
Жеке тұлға ХҚО арқылы жүгінген кезде жоғары оқу орны (көрсетілетін қызметті беруші) дайын телнұсқаны көрсетілетін Жеке тұлға жүгінген ХҚО-ға жібереді.
Жеке тұлға порталға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген хабарлама жіберіледі. Жеке тұлға алушы оқыған жоғары оқу орнынан дайын телнұсқаны алады.
Осыған байланысты, ХҚО немесе портал арқылы білім алған жоғары оқу орнына жүгіну қажет.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар өз бетінше ЖЖОКБҰ-ға жүгінеді.
Белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО аяқтағаннан кейін белгіленген тәртіпте үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО аяқтағаннан кейін белгіленген тәртіпте үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО аяқтағаннан кейін белгіленген тәртіпте үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) және бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО аяқтағаннан кейін белгіленген тәртіпте үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО аяқтағаннан кейін белгіленген тәртіпте екі жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Заңның 17.2-тармағына сәйкес көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жас мамандарға беріледі.
Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.