Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жоғары білім беру саласындағы халықаралық келісімдерді іске асырады, оларға сәйкес Әзербайжан Республикасы, Мажарстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Польша Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Словакия Республикасы және Грузия сияқты елдермен студенттер алмасудың баламалы негізі көзделген.
Аталған келісімдер шеңберінде білім беру бағдарламасын (бакалавриат, магистратура және докторантура) таңдауға байланысты шетел тілін меңгеру деңгейі мен білім туралы құжаттың орташа балы талаптарына сәйкес келетін тұлғаларға оқу гранттары ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005499), Министрлік жыл сайын Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған келісімдер мен шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу үшін құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды дипломатиялық нота алынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының сайтында орналастырады.
Мысалы:
Үміткердің сұрағы: Малайзияда бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін мемлекетаралық грантқа құжат тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер Малайзияда оқу үшін мемлекетаралық гранттарға құжат тапсыра алмайды. Үміткер тек келісім жасалған елдерге ғана құжат тапсыра алады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім беру саласындағы халықаралық келісімдерді іске асырады, осы келісімдерге сәйкес Әзірбайжан Республикасы, Мажарстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Польша Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Словакия Республикасы, және Грузия сияқты елдермен баламалы студенттер алмасу көзделген. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005499
Мысалы:
Мажарстан еліндегі Corvinus University of Budapest университетіне Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша үкіметаралық грант бойынша құжат тапсыра аламын ба?
Иә, Сіз үкіметаралық гранттар бойынша оқу үшін Stipendium Hungaricum веб-сайтында тіркелу барысында Corvinus University of Budapest университетін таңдау арқылы құажттарыңызды тапсыра аласыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 4 тармағының 2-1) тармақшасына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U000000470 сәйкес, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) негізгі міндеттерінің бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін жұмыскерлердің санаттарын жыл сайын айқындау болып табылады.
2026 жылға Республикалық комиссия келесі қызметкерлер санаттарын бекітті: «инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері»; «жасанды интеллект жүйелерін пайдаланушылар»; «ектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері»; «медицина қызметкерлері»; «мемлекеттік қызметшілер»; «бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері»; «мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері»; «судьялар мен сот қызметкерлері»; «атом саласының қызметкерлері».
Мысалы:
Үміткер 2019 жылдан бастап құрылыс компаниясында заңгер болып жұмыс істейді. Ол «инженерлік-техникалық қызметкерлер» санаты бойынша тағылымдамадан өтуге құжат тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер «инженерлік-техникалық қызметкерлер» санаты бойынша құжат тапсыра алмайды, өйткені бұл санат ұйымдағы өндірістік қызметті тікелей жүзеге асыратын қызметкерлерге арналған.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы мына санаттарға тағайындалады: бакалавр, магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежелерін, сондай-ақ резидентурада оқуды алуға үміткерлер; ауылдық елді мекеннен шыққан магистр дәрежесін алуға үміткерлер; құжаттарды тапсыру кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер; жоғары медициналық білімі бар және жалпы медициналық еңбек өтілі кемінде 1 жыл болатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер; құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, жалпы мемлекеттік қызмет өтілі кемінде 3 жылды құрайтын, оның ішінде соңғы 12 айын жолдаушы мемлекеттік органда атқарған магистр дәрежесін алуға үміткерлер; жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жылды, оның ішінде таңдалған мамандану саласында соңғы 12 айдағы үздіксіз нақты жұмыс өтілін қамтитын стажировкадан өтуге үміткерлер.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573
Мысалы:
Марат DBA (Doctor of Business Administration) University of Reading университетінің бағдарламасына түскісі келсе, және шартсыз қабылдану хатының болған жағдайда «Болашақ» стипендиясына тапсыра алады ма?
Жоқ. «Болашақ» стипендиясы басым мамандықтар тізіміне сәйкес тағайындалады. «Болашақ» стипендиясы басым бағыттағы мамандықтар тізбесіне сәйкес тағайындалады, алайда қазіргі уақытта Business Administration мамандығы бұл тізімде жоқ болғандықтан, аталған мамандық бойынша стипендия алу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекеттік және басқа да тілдерді пайдалануды реттеуге, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында мемлекеттік тілді іс жүзінде пайдалануға бағытталған.
Тұжырымдамаға сәйкес 2029 жылға қарай республика бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін – 84 % дейін, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша В2 деңгейінде мемлекеттік тілді білетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 50 % дейін, Қазақстанда өткізілетін халықаралық іс-шараларда қазақ тілін пайдалану үлесін, сондай-ақ шетелде ұйымдастырылған қазақстандық дипломатиялық миссиялар – 75 % дейін, мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі – 94 % дейін, «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі (өспелі қорытындымен) – 84 % дейін, реттелген терминологиялық қордың үлесі – 40 % дейін, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контент үлесі – 86 % дейін арттыру көзделген.
Тұжырымдаманы іске асыру туралы толық ақпаратпен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында танысуға болады. https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/834942?lang=ru
Мысалы, егер Сіз мақала дайындау үшін Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы нысаналы индикаторларының 2023 жыл бойынша мәліметтерімен танысқыңыз келсе, Сізге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құжаттар» бөліміндегі https://search.app/LXopxHqZDKgNvKL78 сілтемесіне өтуіңіз керек.
Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар тұжырымдайтын консультациялық-кеңесші орган болып табылады және өз қызметін қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша жүзеге асырады.
Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, Республикалық терминологиялық комиссия туралы ережемен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000116
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комиссиясының жұмыс органы болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалар салалық терминдерді бекіту жөніндегі өз ұсыныстарын Комиссияның жұмыс органына ресми түрде жібере алады. Комиссия шешімдері «termincom.kz» сайтында жарияланады.
https://termincom.kz/termins#approved
Мысалы, Сіздің биология саласында жаңа терминдер енгізу бойынша қандай да бір ұсынысыңыз болса, Сіз Комитетке жолдай аласыз. Комитет ұсынысыңызды Комиссияның кезекті отырыстарының бірінің күн тәртібіне енгізеді.
Сіздің ұсынысыңыз бойынша Комиссия шешім www.termincom.kz сайтында жарияланады.
1983 жылы бекітілген қолданыстағы емле ережесіне қатысты қоғам тарапынан түрлі сын-пікірлер келіп түсуде. Атап айтқанда, кейбір біріккен және күрделі сөздердің, жарыспалы қолданылып жүрген сөздердің жазылуындағы әралуандылық пен кірме сөздерге қосымшалардың жалғануы – өзекті мәселенің бірі.
Осы орайда қазіргі уақытта уәкілетті орган тарапынан қазақ тілінің қолданыстағы емле ережесіне, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жұмысты жүргізу мақсатында Республикалық орфография комиссиясы құрылды. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000468
Республикалық орфография комиссиясының міндеті қазақ тілінің орфографиясы, орфоэпиясы мен пунктуация ережелерін, қазақ тілінің нормасы белгіленетін сөздіктер және анықтамалықтардың тізімін бекітеді; қазақ тілінің нормасы белгіленетін сөздіктерге қойылатын талаптарды бекітеді; орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтамалық құралдар және басқа да нормативтік дереккөздерді орфография нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық баға береді; орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық ережелер мен ортологиялық құралдарды бекітеді; тілдік норманың қалыптануы (кодификация) мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Мысалы, сіздің қандай да бір қиындық тудырып жүрген сөздің жазылуына қатысты ұсынысыңыз болса, Республикалық орфография комиссиясының жұмыс органы болып табылатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне ресми түрде жолдай аласыз.
Ғылым саласындағы негізгі заңнамалық актілер келесілер: «Ғылым және технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103; «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы 517 бұйрығы; «Еңбекақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 573 бұйрығымен және басқаларымен.
Мысалы, ғылыми қызметкер келесі сұрақпен жүгінді: ол граннтық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін құжаттарын жолдауға жоспарлайды. Қандай заңнамалық актіде оған ақпаратты алуға болады? Ақпаратты ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығынан алады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 12-тармағына сәйкес аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін тоқтатылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Тоқтату мынадай жағдайларда:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) немесе таратылған;
2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;
3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген).
Мысалы:
ЖШС аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін қайта құру туралы хаттамадан үзінді көшірмесін ұсынды. Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәлік мерзімі өткенге дейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы тілдік курстардан өту мүмкіндігімен мына санаттарға тағайындалады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573):
1) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, ауылдық елді мекендерден шыққандар;
2) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатындар;
3) Медициналық бағыттағы мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде еңбек қызметін жүзеге асырып, медициналық ұйымдарда тікелей медициналық көмек көрсететіндер, жоғары медициналық білімі бар және жалпы медициналық еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
4) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер және мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 12 айын жіберуші мемлекеттік органда өткізгендер.
Мысалы:
Үміткер ауыл мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып 3 жыл жұмыс істесе, бірақ ауылды елді мекенде 1 жыл аз ғана тіркелген болса. Ол магистр дәрежесін алу үшін «ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер» санаты бойынша құжаттарын тапсыра алады ма?
Жоқ, үміткер «ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер» санаты бойынша магистр дәрежесін алуға құжаттарын тапсыра алмайды. Қағидаларға сәйкес, үміткер соңғы екі жыл ауылдық елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы тиіс. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573