Жиі қойылатын сұрақтар
«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер Қазтест сертификатын алу үшін testcenter.kz сайтына тіркеліп, тестілеуге қатысуға өтініш береді. Одан соң белгіленген күні тест тапсыра алады.
Мысалы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер Гауһар Қазтест тапсыруды жоспарлауда. Ол алдымен testcenter.kz сайтына тіркелуі қажет. Одан соң сайттағы «Қазтест» бөліміне өтеді, сол кезде «Тестіленушілерге» батырмасын таңдап, тестілеуден өтуге өтініш береді. Содан кейін Гаухардың жеке кабинетіне тестілеу өтетін уақыты, орны және аудиториясы жазылған хабарландыру келеді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесі (бұдан әрі – Комитеттің басылымдар тізбесі) бірнеше тізімдерден тұрады – 1-тізім, 2-тізім, 3-тізім және әскери және арнайы органдар журналдарының тізімі.
Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережелеріне (2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрық, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939) сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарға ізденушілер үшін тек қана 1-тізім және 2-тізімдерге кіретін журналдарда жарияланған мақалалар есептеледі. 3-тізімдегі журналда шыққан мақалалар бұл ретте ескерілмейді.
Мысалы, Сіздің мақалаңыз «Қазақстан шығыстануы» журналында 2025 жылы шықты. Бұл журнал Комитеттің басылымдар тізбесінде 3-тізімге шығыстану бойынша 2024 жылғы №3 нөмірден бастап енгізілген, ғылыми атаққа ұсынатын ізденушіге осы мақала ескерілмейді
Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске үш ай мерзімде ұсынылады. Егер докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен келіспейтін болса, онда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады.
Диссертациялық кеңестің отырысына дейін пысықталған диссертация Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) плагиатқа және жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оларға сілтеме бермегенін тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды талқылау жөнінде отырыс өткізеді.
Отырыста диссертациялық кеңестің кем дегенде 2/3 мүшесі қатысу керек, оның ішінде уақытша мүшелермен ресми рецензенттердің қатысуы міндетті. Отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі, бірақ интернетте онлайн трансляция керек емес. Шешім жай көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Нормативті түрде бұл Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде көрсетілген (2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929
Ғылыми сала бойынша ғылыми дәрежелерін, PhD (философия докторы) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығында, бiлiм туралы құжаттарды тану жөнiндегi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет шеңберiнде жүзеге асырылады.
Ғылыми саладағы дәрежелердi, PhD (философия докторы) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану тәртiбi «Бiлiм туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №268 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану рәсімі екі кезеңде жүргізіледі:
1) дәреже беру туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;
2) диссертация және ғылыми мақалалар сараптамасы.
Докторанттарды қорғауға жіберудің жарияланым талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген дәрежелерді беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тармағында анықталған.
Критерийлердің бірі – JCR деректері бойынша импакт-факторы бар және Web of Science Core Collection (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index деректер базасында индекстелетін немесе Scopus деректер базасында СiteScore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 мақала (article) немесе шолу (review) және Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 3 мақала.
PhD және бейіні бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңестер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің талаптарына (бұдан әрі – Үлгі ереже) сәйкес құрылады.
Даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңес ашу үшін ЖОО келесі шарттарды орындау керек (Үлгі ереженің 3-тармағы):
1) ЖОО-да докторантура бағдарламасы бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша болуы тиіс;
2) ЖОО соңғы 3 (үш) жыл ішінде докторантураның білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізуі тиіс;
3) ЖОО-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламалары болуға тиіс;
4) ЖОО-да барлық үш курста грант бойынша білім алушылар контингенті болуға тиіс.
Осы шарттарға сәйкес ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде диссертациялық кеңестерді дербес ашады.
Ерекше мәртебесі жоқ жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестер ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен ашылады.
Ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-дағы диссертациялық кеңестердің тізімі ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің сайтында орналастырылған.
Ғылыми журналды Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізу үшін ол Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келуі керек (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығы).
Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес басылымдар тізбесі үш тізім форматында қалыптастырылады: 1-Тізім, 2-Тізім және 3-Тізім.
Журнал 1-Тізімге енгізілуі үшін ол ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 3-тармағының барлық ережелерін орындауы керек. Немесе ол Web of Science немесе Scopus дерекқорларына қосылуы керек. Сонымен қатар, 1-Тізімге сенімді баспалардың журналдары енгізілген, олар ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 3-тармағында көрсетілген.
Егер Ғылыми журнал 2-Тізімге кіруді жоспарласа, онда ол ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 4-тармағының барлық ережелерін орындауы керек.
Ғылыми журналды 3-Тізімге енгізуге арналған ережелер ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 5-тармағында жазылған.
Журналды басылымдар тізімінің белгілі бір тізіміне енгізу туралы өтінішті журналдың құрылтайшысы береді. Министрлікте өтініштерді қарау үшін әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Өтінішпен бірге журналдың ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса тіркеледі. Сондай-ақ нысаны әдістемелік ұсынымдарда келтірілген ақпараттық карта толтырылады.
Өтінішті Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінде 2 ай бойы сарапшы ғалымдар қарайды.