Жиі қойылатын сұрақтар
Ғылыми атаққа үміткер халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалаларда автор-корреспондент болуы туралы талап Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережелерінде (бұдан әрі – Ереже) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939) көрсетілген.
Ереже бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына үміткердің халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 2 ғылыми мақаласында автор-корреспондент немесе бірінші автор болуы қажет (Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасы).
Осыған ұқсас профессор ғылыми атағына үміткерде осындай 3 мақала болуы керек.
Бұл ретте ҚР ҒЖБМ-нің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдарда шыққан мақалаларға бұл талап қойылмайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдардың тізбесіне (бұдан әрі – Комитет басылымдарының тізбесі) ғылыми журналдар кіру үшін ол Қазақстанда тіркелу керек және халықаралық тіркеуі де болу қажет.
Бұл норма Комитет басылымдарының тізбесіне енгізу үшін бекітілген талаптарда көрсетілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013409).
Журналды Қазақстанда тіркеу процесі «Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035283) сәйкес өткізіледі. Ол қызметті Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізеді. Нәтижесінде журналға есепке қойылу туралы куәлік беріледі.
Сонымен қатар ғылыми журнал ISSN (International Standard Serial Number) халықаралық стандартты сериялық нөмірін алып тіркелу керек.
Шетелде алған PhD немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесін тану процесі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығында жүргізіледі. Бұл білім туралы құжаттарды тану бойынша мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет ретінде жүзеге асады.
Мемлекеттік қызмет Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары бойынша тәртіппен жүреді (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032800).
Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарға ізденушілердің шыққан монографиясы немесе оқу құралы немесе оқулығы соңғы бес жылда жарияланған болуы керек.
Нормативті түрде бұл ереже Ғылыми атақтар беру ережелерінде бекітілген (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939).
Мысалы, ізденушінің 2018 жылғы монографиясы бар, ол 2025 жылы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына құжаттар тапсырды. Монографияның жариялыған мерзімі бес жылдан асып тұр, сондықтан оны санамайды.
Ғылыми атақтар беру кезінде халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы Жарияланымдар олардың процентильіне байланысты әр түрлі ескеріледі. Бұл талап Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережелерінің 4-тармағында жазылған. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939)
Егер қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ізденуші процентилі 35-тен жоғары (немесе журнал Q1, Q2, Q3 квартилінде болса) журналда мақаласын жарияласа, онда сол бір мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитет (бұдан әрі – Комитет) ұсынатын журналдағы екі мақала ретінде саналады.
Егер журналдың процентилі 35-тен төмен болса, онда осы журналдағы бір мақала Комитет ұсынатын журналдағы бір мақала ретінде саналады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдардың тізбесі (бұдан әрі – Комитет басылымдарының тізбесі) ғылыми журналдардан қалыптастырылады және оны Комитет бекітеді. Оны көбінесе ВАК тізімі деп атайды.
Ғылыми журналды Комитет басылымдарының тізбесіне енгізу үшін журнал ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар) сәйкес келуі тиіс (https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/activities/directions?lang=kk).
Әр түрлі уақыт кезеңдерінде Комитет басылымдарының тізімінде әр түрлі журналдар болды.
Комитет сайтында «қызмет» қойындысында басылымдар тізімінің 4 нұсқасын табуға болады:
- Комитеттің 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі басылымдарының тізбесі;
- Комитеттің 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі басылымдарының тізбесі;
- Комитеттің басылымдар тізімі 1 қаңтар 2021-27 маусым 2024;
- Комитет басылымдарының өзекті тізімі, Қазіргі уақытта жарамды.
Журнал көрсетілген тізімдердің біріне кіруі мүмкін, ал екіншісіне кірмеуі мүмкін.
Мысалы, «Қазақстан ғылымының жаңалықтары» журналы 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін Комитет басылымдарының тізіміне енгізілген, бірақ Комитет басылымдарының өзекті тізбесіне кірмейді.
Сондықтан осы тізімдердегі журналдарды Сіз жарияланған мақалаңыздың кезеңіне байланысты іздеуіңіз керек.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық келісімдер шеңберінде оқуға жіберілген студенттерді, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері болған адамдарды және шетелде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан ғалымдарды есепке алып отырады.
Стипендиат оқу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оқу еліндегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінде есепке тұруға және бұл туралы шетелдік мекемеде тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Орталыққа хабардар етуге міндетті.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығымен реттеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613.
Мысалы:
Мен, Марат, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын және Ұлыбританияға білім алу үшін жолға шығудамын. Оқу өтетін елде консулдық есепке тұру қажет пе?
Иә, Марат, оқу басталған кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Сіз оқып жатқан елдегі Қазақстан Республикасының елшілігіне немесе консулдығына тіркеліп, тіркелгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ына хабарлауыңыз қажет.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жоғары білім беру саласындағы халықаралық келісімдерді іске асырады, оларға сәйкес Әзербайжан Республикасы, Мажарстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Польша Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Словакия Республикасы және Грузия сияқты елдермен студенттер алмасудың баламалы негізі көзделген.
Аталған келісімдер шеңберінде білім беру бағдарламасын (бакалавриат, магистратура және докторантура) таңдауға байланысты шетел тілін меңгеру деңгейі мен білім туралы құжаттың орташа балы талаптарына сәйкес келетін тұлғаларға оқу гранттары ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005499), Министрлік жыл сайын Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған келісімдер мен шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу үшін құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды дипломатиялық нота алынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының сайтында орналастырады.
Мысалы:
Үміткердің сұрағы: Малайзияда бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін мемлекетаралық грантқа құжат тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер Малайзияда оқу үшін мемлекетаралық гранттарға құжат тапсыра алмайды. Үміткер тек келісім жасалған елдерге ғана құжат тапсыра алады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім беру саласындағы халықаралық келісімдерді іске асырады, осы келісімдерге сәйкес Әзірбайжан Республикасы, Мажарстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Польша Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Словакия Республикасы, және Грузия сияқты елдермен баламалы студенттер алмасу көзделген. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005499
Мысалы:
Мажарстан еліндегі Corvinus University of Budapest университетіне Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша үкіметаралық грант бойынша құжат тапсыра аламын ба?
Иә, Сіз үкіметаралық гранттар бойынша оқу үшін Stipendium Hungaricum веб-сайтында тіркелу барысында Corvinus University of Budapest университетін таңдау арқылы құажттарыңызды тапсыра аласыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 4 тармағының 2-1) тармақшасына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U000000470 сәйкес, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) негізгі міндеттерінің бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін жұмыскерлердің санаттарын жыл сайын айқындау болып табылады.
2026 жылға Республикалық комиссия келесі қызметкерлер санаттарын бекітті: «инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері»; «жасанды интеллект жүйелерін пайдаланушылар»; «ектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері»; «медицина қызметкерлері»; «мемлекеттік қызметшілер»; «бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері»; «мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері»; «судьялар мен сот қызметкерлері»; «атом саласының қызметкерлері».
Мысалы:
Үміткер 2019 жылдан бастап құрылыс компаниясында заңгер болып жұмыс істейді. Ол «инженерлік-техникалық қызметкерлер» санаты бойынша тағылымдамадан өтуге құжат тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер «инженерлік-техникалық қызметкерлер» санаты бойынша құжат тапсыра алмайды, өйткені бұл санат ұйымдағы өндірістік қызметті тікелей жүзеге асыратын қызметкерлерге арналған.