Саламат Азамат Серікұлы 1996 жылы 19 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. Білімі: Жоғары, 2018 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бакалавриатын, 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Еңбек өтілі: 27.09.2018- 14.01.2019 жж. - «Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы; 15.01.2019 - 05.02.2020 жж. - «Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы; 05.02.2020 - 01.11.2021 жж. - «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы; 01.11.2021 - 21.09.2022 жж. - «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы; 21.09.2022 – осы уақытқа дейін - «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды. 2024 жылдың 4 наурыз айынан бастап Райымбек аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Райымбек ауданының Сүмбе ауылдық округінің әкімі болып сайланды.