2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (Қор) жұмыс істейтін азаматтардыәлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін жүзеге асырады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердіңөз жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшінең төменгі бір жалақыдан кем емес және жеті еселенген мөлшеріненаспайтын табыстың 3,5% мөлшерінде төленетін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.

2023 жылдан бастап ең төменгі жалақының 70 мың теңгеге дейін артатынын ескере отырып,2023 жылғы1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері айына2 450 теңгені(3,5%*70 000 теңге),ал ең жоғары мөлшері –17 150 теңгені(3,5%*7*70 000 теңге)құрайтын болады.

Әлеуметтік аударымдардың уақтылы түсуі әлеуметтік тәуекелдердің5 түрі– еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы кезінде азаматтарға әлеуметтік төлемдер алуды қамтамасыз етеді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің2 түрінің параметрлеріөзгертілетін болады.

Бірінші, жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем, ол жүйеге қатысушыға жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап еңбек өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының соңғы 2 жылдағы орташа айлық кірісіне, жүйеге қатысу өтіліне және кірісті ауыстыру коэффициентіне байланысты болады.

Келесі жылдан бастап кірісті ауыстыру коэффициенті 45% - ға дейін артады, бұл әлеуметтік төлем мөлшерінің орта есеппен13% - ғаөсуіне әкеледі.

Айта кету керек, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға нақты төлем алушыларға 45% коэффициенті қолданыла отырып,біржолғы қайта есептеуавтоматты түрде жүргізілетін боладыАлматы облысы бойынша1 171алушыға төлем мөлшері ұлғайтылды.

Екінші, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем бүгінде бала 1 жасқа толғанға дейінтағайындалатын болса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40% - құрайды.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша балалары 2022 жылы туғаннақты алушыларғатөлем автоматты түрде ұзартылатын болады. Алматы облысы бойынша22 748алушыға төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, атап өтетін жағдай жұмыскер үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымшаҚордан ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемнің 2 түрітөленеді.

Қорданеңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемжалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезеңге тағайындалады және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан төленеді.

Қорданасыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемасырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда - 23 жасқа дейін төленеді.

Сатып алу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында бұл төлемдердің мөлшері жыл сайын артырылады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшеріавтоматты түрде 8,5% - ға өсетін болады.

Алматы облысы бойынша3 092алушығаеңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайға және 3 397асыраушысынан айырылған жанұяға төлемдер мөлшері ұлғайтылды.

Осылайша,жұмыс істейтін азаматтар алатын төлемдердің жиынтық мөлшеріжұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда көбірек болады.

Сонымен қатар, төлемдерді қайта есептеу, арттыру және ұзартуавтоматтандырылған режимдежүргізілетінін, яғни алушыларға қосымша құжаттар жинаудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өткім келеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың gfss.kz интернет-ресурсы арқылы, сондай-ақ Қор мен филиалдардың әлеуметтік желідегі аккаунттарынан алуға болады.

Е.О.Аманбаев Алматы облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыр қоры» АҚ филиалының директоры