Жиі қойылатын сұрақтар
«Болашақ» халықаралық стипендиясы мына санаттарға тағайындалады: бакалавр, магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежелерін, сондай-ақ резидентурада оқуды алуға үміткерлер; ауылдық елді мекеннен шыққан магистр дәрежесін алуға үміткерлер; құжаттарды тапсыру кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер; жоғары медициналық білімі бар және жалпы медициналық еңбек өтілі кемінде 1 жыл болатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер; құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, жалпы мемлекеттік қызмет өтілі кемінде 3 жылды құрайтын, оның ішінде соңғы 12 айын жолдаушы мемлекеттік органда атқарған магистр дәрежесін алуға үміткерлер; жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жылды, оның ішінде таңдалған мамандану саласында соңғы 12 айдағы үздіксіз нақты жұмыс өтілін қамтитын стажировкадан өтуге үміткерлер.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573
Мысалы:
Марат DBA (Doctor of Business Administration) University of Reading университетінің бағдарламасына түскісі келсе, және шартсыз қабылдану хатының болған жағдайда «Болашақ» стипендиясына тапсыра алады ма?
Жоқ. «Болашақ» стипендиясы басым мамандықтар тізіміне сәйкес тағайындалады. «Болашақ» стипендиясы басым бағыттағы мамандықтар тізбесіне сәйкес тағайындалады, алайда қазіргі уақытта Business Administration мамандығы бұл тізімде жоқ болғандықтан, аталған мамандық бойынша стипендия алу мүмкін емес.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы тілдік курстардан өту мүмкіндігімен мына санаттарға тағайындалады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573):
1) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, ауылдық елді мекендерден шыққандар;
2) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатындар;
3) Медициналық бағыттағы мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде еңбек қызметін жүзеге асырып, медициналық ұйымдарда тікелей медициналық көмек көрсететіндер, жоғары медициналық білімі бар және жалпы медициналық еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
4) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер және мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 12 айын жіберуші мемлекеттік органда өткізгендер.
Мысалы:
Үміткер ауыл мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып 3 жыл жұмыс істесе, бірақ ауылды елді мекенде 1 жыл аз ғана тіркелген болса. Ол магистр дәрежесін алу үшін «ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер» санаты бойынша құжаттарын тапсыра алады ма?
Жоқ, үміткер «ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер» санаты бойынша магистр дәрежесін алуға құжаттарын тапсыра алмайды. Қағидаларға сәйкес, үміткер соңғы екі жыл ауылдық елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы тиіс. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды қоса береді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020730#z21
Мысалы:
Үміткер «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қолма-қол тапсыра алады ма?
Жоқ, қолма-қол тапсыра алмайды. Үміткерлер құжаттарды тек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі белгілеген қабылдау мерзімі ішінде «Электрондық үкімет» e-gov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады.
https://egov.kz/cms/kk/services/higher_education/184pass_mon
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573 сәйкес, құжат қабылданатын және конкурстық іріктеу өткізілетін мерзімді жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда орналастырады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау мерзімдері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады: https://bolashak.gov.kz/ru
Мысалы:
Үміткер белгіленген мерзімде конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсырып үлгермесе, оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер құжаттарды қабылдаудың бекітілген мерзімінде тапсыруы керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына сәйкес «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурсы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573). «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеудің үшінші кезеңінің нәтижелерін Республикалық комиссия қарайды. Алғашқы екі тур өткізілгеннен кейін әкімші материалдарды жұмыс органына үшінші тур өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей енгізеді. Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарастырып, «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткерге 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімшінің ресми интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру арқылы жарияланды.
«Болашақ» бағдарламасының ресми порталында (https://bolashak.gov.kz/kz) «Болашақ» стипендиясы тағайындалған стипендиаттардың ғана мәліметтері жарияланады. Стипендия тағайындалмау туралы нақты ақпарат алу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның электрондық поштасына жүгіну қажет (info@bolashak.gov.kz).
Мысалы:
Мен өз атымды Ресми сайтта жарияланған «Болашақ» стипендиясына ұсынылған тізімнен таба алмадым. Неліктен мен тізімде жоқпын?
Сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның электрондық поштасына (info@bolashak.gov.kz) сұрағыңыз мен өз деректеріңізді жазу арқылы хабарласу қажет.
Үкіметаралық келісімдер шеңберінде оқуға ниет білдірген үміткерлер қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 76-90-76 (ішкі 110, 112, 113, 114, 115) нөмірі бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Орталық) жүгіне алады. Сондай-ақ, барлық ақпарат Орталықтың сайтында жарияланады https://bolashak.gov.kz/kz
Мысалы:
Астанадан келген үміткер «Халықаралық бағдарламалар орталығынан» кеңес алып, құжаттарын тікелей кеңседе тапсырғысы келеді. Ол үшін кеңсеге келе алады ма?
Иә. Үміткер «Халықаралық бағдарламалар орталығы», Сығанақ 70 мекенжайы бойынша жүгіне алады.
«Болашақ» бағдарламасы аясында конкурстық іріктеуге қатысу үшін жас шектеулері бар. Құжаттарды тапсыру сәтінде үміткердің жасы заңнамада белгіленген жалпы зейнеткерлік жас шегінен аспауы тиіс.
«Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен түлектер міндетті еңбек қызметін жұмыс берушінің өтініміне сәйкес оларды жіберген ұйымдарда, сондай-ақ жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдарында, өкілдіктерінде не жұмыс берушінің келісімі болса, Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге де ұйымдарда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған мамандығы бойынша кемінде үш жыл мерзімге жүзеге асыруы тиіс.
Егер Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының) кепіл ретінде ұсынатын жылжымайтын мүлкі болмаса, Стипендиат Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жасы 50 (елу) жасқа дейінгі және соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде тұрақты табысы бар 5 (бес) кепілгер ұсына алады. «Болашақ» бағдарламасы алдында міндеттемелері бар Стипендиат кепілгер бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қарау және қабылдау немесе «Болашақ» стипендиясы конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.