Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» бұйрығына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613) сәйкес, оқу мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда стипендия төлеу нақты деректер бойынша жүзеге асырылады.
Егер стипендиат бекітілген оқу жоспарында көзделген мерзімнен бұрын оқуын аяқтап, оған тиісті академиялық дәреже берілсе, одан әрі қаржыландыру оқудың нақты аяқталған күні ескеріле отырып тоқтатылады.
Мысалы:
Бекітілген оқу жоспарына сәйкес менің The University of Warwick (Ұлыбритания) университетіндегі оқуым 30 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Алайда мен оқуымды мерзімінен бұрын аяқтадым және 31 шілдеде The University of Warwick маған тиісті академиялық дәреже берді. Мен 30 қыркүйекке дейін стипендия алуды жалғастырамын ба?
Жоқ. Оқу мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда стипендия төлеу нақты деректер бойынша жүзеге асырылады. Тиісінше, «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде Сіздің оқуыңызды одан әрі қаржыландыру оқудың нақты аяқталған күні ескеріле отырып тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032800) 20 және 21-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адамның шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану рәсімі екі кезеңде жүргізіледі:
1) дәреже беру туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;
2) диссертация мен ғылыми мақалаларға сараптама жүргізу.
Бұл ретте диссертациялар мен ғылыми мақалаларға сараптама жүргізу кезеңі мынадай санаттағы адамдар үшін:
1) диссертация қорғаған үш халықаралық академиялық рейтингтің (әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингісі Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings, КьюЭс Ворлд Юниверсити Ранкинг), әлем университеттерінің академиялық рейтингісі (Academic Ranking of World Universities, Академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес), Таймс (Times Higher Education World University Rankings, Таймс Хайер Едукейшн Ворлд Юниверсити Ранкинг) бірінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позициясының қатарына кіретін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) диссертация қорғаған адамдар үшін;
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген ЖЖОКБҰ-да, ғылыми орталықтарда, зертханаларда диссертация қорғаған;
3) еңбек көші-қон шеңберінде ЖЖОКБҰ-мен шақырылған шетел азаматтары үшін;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқытуға жіберілген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын диссертация қорғаған адамдар үшін;
5) шетелдік өнер ұйымдарында орындаушылық өнердің жоғары дәрежесі үшін екінші деңгейдегі магистр немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын алған адамдар үшін;
6) хабилитацияланған доктор (Dr.Habil) дипломын алған адамдар үшін жүргізілмейді.
Егер өтініш беруші жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпаса, онда диссертация мен ғылыми жарияланымдар сараптамадан өтеді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Сараптау кеңесі Дәрежелерді беру қағидаларының (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006951) талаптарының сәйкестігіне сараптама жүргізеді.
Мысалы, Қазақстан азаматы С. Томск мемлекеттік педагогикалық университетінде диссертациясын дербес қорғады және онда Ресей Федерациясының ғылым кандидаты дипломы бар. Диплом халықаралық академиялық рейтингтерге кірмейтін және «Болашақ» халықаралық стипендиясының тізіміне енбеген жоғары оқу орнының тарапынан берілген. Бұл жағдайда, ол Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген адамдардың ешбір санатына жатпайды, сондықтан азамат С.-ның диссертациясы мен оның ғылыми жарияланымдары Комитетте сараптамадан өтетін болады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319) жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес күндізгі бөлімде жоғары білім алу үшін, тізбесін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының соңғы үш жылда бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтары өздері таңдаған мамандығы олимпиада немесе конкурс пәніне сәйкес келген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулерін ескере отырып, академиялық оқуға шартсыз қабылданған жағдайда (қаржылық шарттарды қоспағанда) конкурстық негізде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құқығы бар.
Мысалы:
Менің қызым биыл мектепті бітіреді, сондай-ақ шетелдік университеттен оқуға шақыру алды. Ол математика пәнінен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы. Бұл олимпиада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының ресми сайтындағы олимпиадалар тізімінде бар. Ол «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелге бакалавриат бойынша оқуға бара ала ма?
Иә, сіздің қызыңыз бакалавриат бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады, бірақ бұл ретте олимпиада пәні өзі таңдаған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 9-тармағында көрсетілген.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер әкімшіге – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Әкімші) мына құжаттарды ұсынады:
1) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін үміткердің толтырылған сауалнамасы;
2) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушінің ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған өтінімі;
3) паспорт және жеке куәліктің түпнұсқалары мен көшірмелері (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
4) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады). Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану туралы куәлігі не «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжаты;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тізімге кіретін, тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесімен қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
8) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесімен шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
9) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
10) ғылыми зерттеулердің бағыттарын, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімін, құнын (есеп-қисабы толық жазылған) көрсете отырып, үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық жағдайларды қоспағанда) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармаларымен бірге көшірмелері;
11) ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде бір мақаласы немесе шолуы) немесе бұйрықпен бекітілген және (немесе) Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақаласы және (немесе) жұмыс беруші бекітетін Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі;
12) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі;
13) үміткер құжаттарын өзі тапсыра алмаған жағдайда өкілге нотариалды куәландырған сенімхаты.
Үміткер ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткердің сауалнамасының үлгілік нысанын толтыру кезінде осы Қағидалардың ережелерімен танысқандығын растайды.
Мысалы:
Мен Хельсинки университетінен (Финляндия Республикасы) ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі және университеттің жұмыс істейтін ғылыми зертханалары туралы ақпарат қамтитын хат алдым. Осы хатты тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруы ретінде Әкімшіге ұсына аламын ба?
Жоқ, өйткені Қағидалардың 2-тармағына сәйкес, ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік ұйымда тағылымдамадан өтуге ресми шақыру болып табылады. Шартсыз шақыруда ғылыми тағылымдамадан өту мерзімдері және тағылымдамаға ақы төлеу туралы шарттары көрсетілуі тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, әріптестік туралы ұсыныстарды қарау, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға байланысты өзге де мәселелер бойынша мүдделі тұлғалар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ) Халықаралық ынтымақтастық басқармасына жүгіне алады. Өтінішті ресми байланыс арналары (ресми сайт немесе электрондық пошта) арқылы жолдауға болады.
Мысалы:
Ұлыбританиядағы жоғары оқу орындарының бірінің өкілі «Болашақ» бағдарламасы аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен ынтымақтастық орнатып, өзара түсіністік туралы меморандум жасасуға қызығушылық танытады. Бұл жағдайда қайда жүгіну қажет?
Осы мәселе бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Халықаралық ынтымақтастық басқармасына 8 (7172) 76-90-76 (ішкі нөмірі 300) телефоны немесе info@bolashak.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады. Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен ынтымақтастық орнату мәселесін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен қарайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 13-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша әрекет ететін шетелдiк жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары филиалдарының және шетелдiк оқу орындары берген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың иегерлері білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпейді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және қызметін жүзеге асыратын шетелдік бiлiм беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары берген дипломдар Қазақстан Республикасының аумағында автоматты түрде танылады және оларды тану рәсімінен өткізудің қажеті жоқ.
Мысал:
Қазақстан Республикасының М. азаматы Астана қаласында орналасқан және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде білім беру қызметін жүзеге асыратын шетелдік университеттің филиалын тәмамдады. Жұмыс беруші одан білім туралы құжатын тану туралы анықтаманы талап етті. Азамат М. білім туралы құжатын тану бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берді. Алайда оған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, өйткені мұндай диплом Қағидалардың 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автоматты түрде танылады.
«Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығының 31-тармағына сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін қабылдаушы шетелдік ұйымды ауыстыру мүмкіндігін қарастыру мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына келесі растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті ұсыну қажет: қабылдаушы ұйымның жаңартылған шақыру хаты, жұмыс берушінің қолдаухаты, түсіндірме жазба және жаңартылған шығыстар сметасы.
Талап етілетін құжаттар ұсынылғаннан кейін өтініште көрсетілген мәселе Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралатын болады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Мысалы:
Мен, Қарлығаш, Columbia University университетінде (Америка Құрама Штаттары) ғылыми тағылымдамадан өтетін боламын. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін шетелдік ұйымды (университетті) ауыстыра аламын ба?
Иә, «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасы шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін қабылдаушы шетелдік ұйымды ауыстыру мәселесін қарастыру мақсатында Сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына құжаттардың толық топтамасын ұсыну қажет.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573 (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Атом саласының қызметкері» санаты бойынша үміткердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы шеңберінде академиялық оқу және тағылымдамадан өту үшін құжат тапсыру сәтінде таңдалған мамандану саласында соңғы 6 ай нақты жұмыс өтілі болуы тиіс.
Мысалы: Шығыс Қазақстан облысынан «Болашақ» стипендиясына үміткер университетті бітіргеннен кейін атом саласында 2 жыл 11 ай жұмыс істейді. Ол «Атом саласының қызметкерлері» санаты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуге қатыса ала ма?
Жоқ, ол конкурстық іріктеуге қатыса алмайды, өйткені Қағидаларда көрсетілген талап бойынша үміткердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Дәрежелерді беру қағидаларының 5-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006951) диссертация жазбай қорғауға шығу мүмкін. Бірақ бұл үшін докторант диссертацияның мазмұнына сәйкес келетін ғылыми бағыттардың бірі бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports мәліметтері бойынша импакт-фактор бойынша бірінші және (немесе) екінші квартильге кіретін басылымдарда кемінде екі мақала және бір шолу немесе үш мақала жариялауы керек. Мақалалардың бірінде докторант хат-хабар үшін бірінші автор немесе автор болуы керек.
Бұл ретте осы норма Clarivate Analytics компаниясының Web of Science дерекқорына кіретін Journal Citation Reports-та ғана журналдың индекстелуін анық көрсетеді. Scopus дерекқорында журналдың Сitescore бойынша процентилінің 50-ден жоғары (бірінші және екінші квартиль) болуы бұл жағдайда ескерілмейді.
Мысалы, Сіздің 2 мақалаңыз Clarivate Analytics компаниясының Web of Science дерекқорына кіретін Journal Citation Reports журналының бірінші квартиліне кіретін журналда жарияланған. Сіз корреспондент-автор болып табылатын үшінші мақала Сitescore 85% бойынша процентильмен ғылыми журналда жарияланған, яғни Scopus дерекқоры бойынша бірінші квартильге кіреді, бірақ Web of Science индекстелмеген. Сондықтан бұл мақала ескерілмейді. Сондықтан, мұндай жағдайда қорғауға шығу үшін Сізге диссертация жазу қажет болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» (Бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 2 тарау 6-тармағына сәйкес заңды тұлғалар атынан ұсынылатын ғылыми материалдардың жалпы саны 10-нан (оның ішінде құпия деген белгісі немесе қызмет бабында пайдалану үшін деген белгісі бар мақалаларды қоспағанда, халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда 1 (бір) мақала, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі индекстелетін ғылыми журналдарда және нөлдік емес импакт-фактормен басқа да халықаралық базаларда 2 (екі) мақала, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 4 (төрт) мақала, конференциялардың, форумдардың, съездердің, симпозиум, конгресстер материалдарында 2 (екі) мақала, монографиялар, оқулықтар, бірлік құралдар, әдістемелік құжаттар 1 (бір) дана) кем болмауы және қағиданың 8-қосымшасына сәйкес соңғы 5 жыл мерзімді қамтуы тиіс.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Мысалы:
«Прогресс» ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) құжаттарын жинақтап ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өтуге ұсынды, оның ғылыми мақалаларының жалпы саны 10-нан астам болды, бірақ тексеру нәтижесінде кейбір мақалалардың мерзімі жарияланған күннен бастап соңғы 5 жылдан асып кеткендігі анықталды. Ұсынылған ғылыми материалдардың талапқа сай келмеуіне байланысты, атап айтқанда жарияланым мерзімін (соңғы 5-жыл) қамтымауы себепті ЖШС-нің құжаттары кері қайтарылды.