Жиі қойылатын сұрақтар
Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске үш ай мерзімде ұсынылады. Егер докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен келіспейтін болса, онда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады.
Диссертациялық кеңестің отырысына дейін пысықталған диссертация Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) плагиатқа және жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оларға сілтеме бермегенін тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды талқылау жөнінде отырыс өткізеді.
Отырыста диссертациялық кеңестің кем дегенде 2/3 мүшесі қатысу керек, оның ішінде уақытша мүшелермен ресми рецензенттердің қатысуы міндетті. Отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі, бірақ интернетте онлайн трансляция керек емес. Шешім жай көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Нормативті түрде бұл Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде көрсетілген (2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу негіздері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3-тармақшасында белгіленген (сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z144).
Жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, егер:
- ұйым алдыңғы тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды жойған жоқ немесе алдыңғы бақылау шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуы бойынша растайтын ақпарат бермеген жағдайда;
- дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері;
- мемлекеттің, жеке немесе заңды тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына немесе заңды мүдделеріне қауіп төндіру немесе зиян келтіру фактілері бойынша прокурордың талабы;
- мемлекеттік органдардан адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін бұзушылықтар фактілері бойынша өтініш;
- ұйымның өзі бастапқы тексерумен келіспеушілікпен жүгінген (жедел ден қою шараларын қолданудың заңсыздығы);
- қылмыстық қудалау органының тапсырмасы келіп түскен жағдайда жүргізіледі.
Бұл ретте, жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы заңнамасының бұзылған талаптары туралы дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелерді өтініш иесі ұсынуы қажет.
Мысалы, жоғары оқу орнында Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары бұзылғандығы туралы жеке тұлғадан өтініш түсті, бірақ ол өтініште дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер жоқ. Бұндай өтініш жоспардан тыс тексерудің негізі бола алмайды. Өкілетті органда тексеруді тіркеу үшін өтінішке растайтын дәлелдер мен негіздерді қоса тіркеу қажет.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау болып табылады.
Тану рәсімінен өту біздің елдің азаматтарының да, шетел азаматтарының да одан әрі жұмысқа орналасуы немесе білімін жалғастыруы үшін Қазақстан Республикасының аумағында білімі туралы шетелдік құжаттың күшіне енуі үшін қажет.
Білім туралы құжаттарды тану рәсімі мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құжаттарды тану қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.
Қағидалардың 9-тармағына сәйкес, құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
«Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы жүзеге асырады. Толық ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz ресми сайтынан немесе 87172 28-75-21, 28-75-27 байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.
Қосымша білім беру саласындағы қызмет лицензиялауға жатпайды. Қосымша білім беру – оқушылардың, тәрбиеленушілердің және мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 1-тармағы және 23-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:
1) жалпы білім беру (типовой, жұмыс);
2) кәсіби (типовой, жұмыс);
3) қосымша.
Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына қарай келесі бағдарламаларға бөлінеді:
3) оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;
4) мамандардың біліктілігін арттыру, қазіргі талаптарға сай кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған; 2-1) мамандарды қайта даярлау, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілік алуға бағытталған;
5) постдокторантура, жетекші ғалымның басшылығымен мамандық бойынша ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталған. Заңның 5-3-бабының 6-тармақшасына, сондай-ақ, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-қосымшасына сәйкес білім беру саласында лицензиялауға жататын бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесі анықталған.
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналасуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны береді:
- жоғары білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша;
- жоғары білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша;
- рухани білім беру.
Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ұйымдарының қысқа мерзімді курстар, қайта даярлау, репетиторлық жүргізу қосымша білім беру қызметі лицензиялауға жататын білім беру қызметінің түрлеріне жатпайды.
Осылайша, қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру саласындағы қосымша білім беру қызметі лицензиялауға жатпайды.
Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты - Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостильденетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу үшін қолданыстағы заңнамамен бекітілген талаптар сақталуы қажет және бірқатар рәсімдер атқарылуы тиіс.
(Бұл үдерісті реттеуйтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге және жүзеге асырылатын негізгі әрекеттерге мыналар жатады:
«Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, Қазақстан Республикасы Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды.
Коненцияның шарттарына сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылады және құжаттарды дипломаттық немесе консульдық агенттерi пайдаланатын шартты рәсiм ғана ұғылады.
Конвенция тұрғысында ресми құжаттар ретiнде прокуратурадан, соттың хатшысынан немесе соттың атқарушысынан шығатын құжаттарды қоса алғанда мемлекеттің құзырына бағынатын органнан немесе лауазымды тұлғадан шығатын құжаттар; әкiмшiлiк құжаттар; нотариалдық актiлер; тiркеу туралы белгi сияқты ресми белгiлер; белгiлi бiр күндi растайтын визалар; нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау қарастырылады.
«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуір №545 қаулысына сай, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйым ретінде айқындалған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, апостилдеу рәсімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен» регламенттелген).
Білім туралы құжаттарды апостилдеу рәсімі
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті көрсетеді.
Апостилдеу үшін құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы ұсынылады.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) бекітілген нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың түпнұсқасы;
4) төлем туралы түбіртектің түпнұсқасы.
Портал арқылы ұсынған кезде:
1) электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электронды нысанындағы сұрау салу;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен немесе «е-гов» порталы арқылы ұсынған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Білім туралы құжатты апостилдеуден бас тарту негіздері:
1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады. Жоғары білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап білім беру қызметімен айналысу құқығы туындайды.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласында қызметін лицензиялау кадрларды даярлау бағыттары («Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы негізінде) мен оқыту нысандары (күндізгі, онлайн-оқыту, экстернат) бойынша жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі – берілген күннен бес жылды құрайды.
Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру мемлекеттік қызмет түрі болып табылады, оның рәсімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №164 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен реттеледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігі негізгі шарт болып табылады.
Бірқатар лицензиялар немесе оларға қосымшалар жоғары және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысты заңды тұлғаларға беріледі. Өтініш беру алдында білім беру бағдарламаларын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркеуді қамтамасыз ету қажет, операторы – «Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РГП. Әрі қарай, әрбір біліктілік талабының тармағы бойынша (материалдық-техникалық жабдықталу (оқу корпустары, зертханалық үй-жайлар, оқу-техникалық құралдар, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.), профессор-оқытушы құрамымен қамтамасыз етілуі, ғылыми әлеует және басқалары) растау құжаттарының болуы қажет.
Осылайша, жоғары білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру жайлы www.egov.kz «электронндық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ғана өтініш және біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар келіп түскен жағдайда, отыз жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін тиісті білімі мен біліктілігі, сондай-ақ ғылыми қызметті (ғылыми журналдарда жариялау, ғылыми жобаларға қатысу, ғылыми кадрларды даярлау) жүзеге асыру қажет.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігі, жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асырудың негізгі шарты болып табылады
Педагогикалық қызметке қойылатын талаптар, атап айтқанда білімінің, ғылыми дәрежесінің және ғылыми атағының оқытылатын пәннің бейініне сәйкестігі Біліктілік талаптарының 13, 21 және 28-тармақтарында көрсетілген.
Ғылыми қызметті жүргізудің сәйкестігі Біліктілік талаптарының 16, 23, 29, 31-тармақтарында (ғылыми басқаруды жүзеге асыру, ғылыми кадрларды даярлау, ғылыми жобаларға қатысу) көрсетілген.
Ғылыми сала бойынша ғылыми дәрежелерін, PhD (философия докторы) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығында, бiлiм туралы құжаттарды тану жөнiндегi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет шеңберiнде жүзеге асырылады.
Ғылыми саладағы дәрежелердi, PhD (философия докторы) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану тәртiбi «Бiлiм туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №268 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану рәсімі екі кезеңде жүргізіледі:
1) дәреже беру туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;
2) диссертация және ғылыми мақалалар сараптамасы.
Докторанттарды қорғауға жіберудің жарияланым талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген дәрежелерді беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тармағында анықталған.
Критерийлердің бірі – JCR деректері бойынша импакт-факторы бар және Web of Science Core Collection (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index деректер базасында индекстелетін немесе Scopus деректер базасында СiteScore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 мақала (article) немесе шолу (review) және Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 3 мақала.
PhD және бейіні бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңестер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің талаптарына (бұдан әрі – Үлгі ереже) сәйкес құрылады.
Даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңес ашу үшін ЖОО келесі шарттарды орындау керек (Үлгі ереженің 3-тармағы):
1) ЖОО-да докторантура бағдарламасы бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша болуы тиіс;
2) ЖОО соңғы 3 (үш) жыл ішінде докторантураның білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізуі тиіс;
3) ЖОО-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламалары болуға тиіс;
4) ЖОО-да барлық үш курста грант бойынша білім алушылар контингенті болуға тиіс.
Осы шарттарға сәйкес ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде диссертациялық кеңестерді дербес ашады.
Ерекше мәртебесі жоқ жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестер ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен ашылады.
Ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-дағы диссертациялық кеңестердің тізімі ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің сайтында орналастырылған.