Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын әйелдерге қатысты рақымшылық жасау мәселесін көтерді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі рақымшылық қолдану туралы ұсынысты қолдады.
Сотталғандарға, атап айтқанда, сотталған әйелдерге және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын сотталғандарға рақымшылық жасау мәселесі талқылануда.
Сонымен қатар, рақымшылықты Қазақстан Республикасының Парламенті шығаратынын атап өтеміз.
Сотталғандардың олардың ұстау жағдайларына сәйкес қолданыстағы заңнама бойынша сәлемдемелер, сауқаттар және бандерольдерді мөлшерін алуға құқылы.
Сонымен, орташа қауіпсіз мекемелерде жазасын өтеуші сотталғандар үшін:
- жеңілдікті жағдайда 12 сәлемдеме мен сауқат, немесе 12 бандероль жылына ;
- дағдылы жағдайда 6 сәлемдеме мен сауқат, немесе 6 бандероль жылына;
- қатаң жағдайда жылына 3 сәлемдеме мен сауқат, немесе 3 бандероль алуға құқылы.
Сол сияқты, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз және толық қауіпсіз мекемелерде өтеуші сотталғандарға тиесілі сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдар алу құқығы сотталғандардың ұстау жағдайына байланысты.
Сонымен қатар, сәлемдемелер мен сауқаттар және бандерольдермен жіберуге рұқсат етілген заттардың тізімі 27 тармақтан тұрады:
- темекi бұйымдары, сіріңке, қолшамы және өзге де бейімделген құралдары жоқ оттықтар (кәмелетке толмаған сотталғандардан басқа);
- белгiленген үлгiдегi киiм, бас киiм, шарф, аяқ киiм және төсек-орын жабдықтары, қолғап немесе биялай, бөлмеде киетін аяқ киім (бір дана) және, іш киiм (жылы және қарапайым), тұтастай қара, қою көк немесе қою қоңыр түсті футболка, свитер, спорт костюмі, спорт аяқ киімі бір жиынтықтан, (спорт костюмдері мен аяқ киім спорттық іс-шараларда қолданылады);
- бет орамал, белдiк, шұлық-ұйық бұйымдары, колготка, жiп, сүлгi;
- жуыну жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, кір жуатын ұнтақ, дәретхана қағазы, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, су сабын, шомылуға арналған гель, крем, қырынуға арналған көбік, металдан басқа тарақ, жөке немесе ысқыш, шарикті, гельді дезодорант), шыны ыдыста емес және спирттік негізде емес иіс су;
- үш бұрышты орамал, рейтуз, белдiк, бюстгальтерлер, дәке, гигиеналық пакеттер, резеңкеден жасалған шаш қыстырғыш, мақта, спирттік негізде емес косметикалық қажеттіліктер, пластмассалық бигудилар (әйел үшін);
- жасақ бастықтарының есебінде, толық қауіпсіздік мекемесінде сақталатын бекет бақылаушысы есебінде сақталатын электр не механикалық ұстара, қауіпсіз ұстара (бір рет қолданылатын), тырнақ алатын құрал;
- етiк щеткасы және киiм щеткасы, аяқ киiм кремi;
- көзілдірік, сабын және тiс щеткасының қаптары;
- алюминий немесе тамақ өнімдеріне арналған пластикалық негіздегі ыдыс (кружка, қасық, тәрелке), электр шәйнегі, зауытта жасалған электр су қайнатқыштар, олар жасақтың тамақтану бөлмелерінде сақталады;
- үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нард, тоғыз құмалақ);
- оқулықтар, оқушы дәптерi, пошта конверті, ашық хаттар, маркалар, қарындаш, автоқаламсап, сия және стерженьдер;
- кітапхананың оқу залында пайдалануға болатын көркем және өзге де әдебиеттер;
- соттың үкімдері мен ұйғарымдарының көшірмелері, ақша мен бағалы заттарды сақтауға берілген түбіртектер, фотокарточкалар, фотоальбомдар;
- бағалы емес металдардан жасалған денеге тағатын кресттер және табынатын заттар;
- балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектігі бар адамдарға арналған арбалар, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, контактiлiк линзалар және оларды күтiп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);
- телефонның Smаrt-карталары, банктік төлем карталары;
- жекезаттарды сақтайтын бөлмелерде сақталатын киім-кешекқабы немесе сөмке;
- мекеменің медициналық бөлімінде сақталатын дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік препараттар;
- бала күтіміне арналған заттар (өздеріменбірге 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге дәрігердің рұқсатымен);
- жылытуды қажет етпейтін тамақ өнімдері (қайнатуды немесе пісіруді қажет етпейтін тез дайындалатын азықтық концентраттар), шай, ерігіш кофе, құрғақ және қоюлатылған сүт, табиғишырын, балшырын, қантсыз және спиртсіз негіздегі шәрбат, металл немесе шыны ыдыстағы емес алкогольсіз ішімдіктер;
- бірадамға 0,5 литр есебіненөсімдік май жәнекемінде 0,75 килограмм есебінен аспайтын тоң май;
- өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен жемістер мен көкөністер;
- өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен шұжық бұйымдары (ысталған және жартылай ысталған), шошқамайы, ірімшік;
- өнім атауының әрбір түрінен бірадамғакемінде 2 банка есебіненконсервіленгенботқа, етжәнеөсімдік (көкөніс, жеміс) консервілері;
- нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, кремделген кондитерлік өнімдерді қоспағанда;
- тұздықтар, майонез, бал;
- 27. ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында бар қаражат есебінен алынған (құрамында порнографиялық материалдар жоқ) газеттер мен журналдар.
Сотталғандардың мекеме ішінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулерге құқығы бар. Бұл ретте сотталғанның өтініші бойынша қашықтықтан бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесу берілуі мүмкін. Берілетін кездесулердің саны сотталғанның ұстау жағдайына байланысты болады.
Орташа қауіпсіз мекемелерде жазасын өтеуші сотталғандар үшін:
- жеңілдікті жағдайда жазасын өтеушілер жылына 6 қысқа мерзімді және 6 ұзақ мерзімді кездесуге;
- дағдылы жағдайда жазасын өтеушілер жылына 6 қысқа мерзімді, 2 ұзақ мерзімді кездесуге;
- қатаң жағдайда жазасын өтеушілер жылына 3 қысқа мерзімді кездесуге құқықтары бар.
Сол сияқты, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз және толық қауіпсіз мекемелерде өтеуші сотталғандарға тиесілі кездесулердің саны сотталғандардың ұстау жағдайына байланысты.
Екі тәуліктік кездесуге (ұзақ мерзімді) сотталған адам тек жақын туыстарын немесе ортақ балалары бар адамды ғана шақыра алады.
Осыған байланысты, мекеме әкімшілігіне неке қию туралы куәлік болмаған жағдайда жақын туыстық немесе ортақ балалары бар екенін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Екі сағаттық қысқа мерзімді кездесу кезінде туыстық қатынастарды растау талап етілмейді.
Сотталғанды бір мекемеден дәл сондай басқа мекемеге ауыстыру әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Сотталғанмен туыстық қатынасты растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынау қажет, сондай-ақ сотталғанды ауыстыру жоспарланып отырған облыста тұрақты тіркеуі (6 айдан кем емес) мен нақты тұрғылықты жері болуы тиіс.
Өтініш қанағаттандырылды және сотталғанды ауыстыру туралы тиісті нұсқау мекемелерге жіберілді.
Алайда, қазіргі уақытта мекемеде бос орынның болмауына байланысты сотталғанды ауыстырға кезекке қою жүзеге асырылды.
Кезекке енгізілген сотталғандар мекемеде бос орын пайда болған жағдайда кезекпен ауысатын болады.
Егер полиция қызметкерлері құқық бұзушылық туралы өтінішті қабылдаудан немесе тіркеуден бас тартқан жағдайда:
- полиция басшылығына хабарласыңыз;
- азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы «E-otinish» арқылы өтініш бере аласыз;
«1402» сенім телефонына қоңырау шалу қажет.
Шағымның мән-жайын көрсете отырып, «Е-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өндеудің платформасын аумақтылығы бойынша немесе «1402» сенім телефоны арқылы жүгіну қажет.
Сіз шағымның мән-жайын көрсете отырып, «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жүгінуіңіз қажет. Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеру жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша полиция нарядының уақтылы келмеу себептері анықталатын болады.
Полиция нарядының кешігуінің бірқатар себептері бар, мысалы: қызметкерлердің жұмыс жүктемесінің тығыздығы, шұғыл қоңыраулардың болуы, оқиға орнының қашықтығы, қолайсыз ауа райы жағдайлары, автокөліктің техникалық ақаулары және т. б.
Оңалтуға жатпайтын адамдарға арналған қылмыстық істердің, сондай-ақ сот органдары ақтаған қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істердің мұрағат қоры, Ұлы Отан соғысының бұрынғы әскери тұтқындарының және Германиядан оралған Қазақ КСР азаматтарының материалдары 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатына сақтауға берілді: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 15
Осыны ескере отырып, Сіздің туыстарыңызға қатысты мұрағаттық мәліметтерді растау мүмкін емес.
Адам саудасына қарсы іс қимылға бағытталған шараларды үйлестіру және жандандыру мақсатында:
- 2024 жылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысы адам саудасына, қарсы іс-қимылдың ұйымдық-құқықтық негіздерін, халықаралық ынтымақтастыққа үкіметтік емес ұйымдардың рөлін айқындауды, адам саудасының тәуекелдерін бағалауды және оларға көмек көрсету үшін құрбандарды қайта бейімдеу тетігін енгізуді, соның ішінде адам саудасы құрбандарының құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың құқықтарын қорғау мәселелерін көздейтін «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының бірінші арнайы Заңына қол қойды
- адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үкіметтік жоспарлар кезең-кезеңімен қабылданып, іске асырылуда.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар 2024-2026 жылдарға арналған кезекті іс-шаралар жоспарын орындауда.
- мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың диалог алаңы болып табылатын адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.
- тиімділікті арттыру үшін халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнатылды.
- интернет желісіне, оның ішінде әлеуметтік желілерге, БАҚ-қа мониторинг жүргізіледі, ҮЕҰ-дан және басқа да көздерден келіп түсетін хабарламалар тексеріледі.
Қазақстан Республикасында кеңінен таралған негізгі есірткі түрлерінің бірі – каннабис тобына жататын өсімдік тектес есірткілер. Оларға марихуана, гашиш және гашиш майы жатады. Конопля Жамбыл облысының Шу аңғарында, Қызылорда облысында және фитозертханалық жағдайларда өсіріледі.
Келесі кең таралған түрі – синтетикалық дизайнерлік есірткілер. Олардың ішінде жастар арасында ең көп таралғандары – «Мефедрон» және «Альфа-PVP». Бұл заттар негізінен Қазақстан аумағында зертханалық жағдайда, шетелден (Ресей, Қытай) әкелінетін прекурсорлар арқылы өндіріледі.
Мефедрон (ағыл. mephedrone), 4-метилметкатинон (ағыл. 4-methylmethcathinone, қысқаша 4-MMC), сөйлеу тілінде «меф» – амфетаминдер класына жататын, психостимулятор, эмпатоген және эйфоретик әсері бар химиялық қосылыс. Мефедронның медицинада немесе басқа мақсатта қолданылуы жоқ, тек рекреациялық қолданыста пайдаланылады. Ең жиі тұтынушылар – жасөспірімдер мен жастар. Синтетикалық катинондарды тұтынушылардың орташа жасы – 20-25 жас, көбіне ер адамдар, жаңа жұмыс бастағандар немесе оқу орындарында оқитындар, бұрын стимуляторлар (экстази, кокаин) қолданғандар немесе полинаркоманиямен ауыратындар. Мефедрон көбіне кештерде, дискотекаларда, түнгі клубтарда қолданылады. Оны тұтынудың басты себептерінің бірі – салыстырмалы түрде арзан болуы және әсер ету сипаттарының ерекше болуы.
Тамырға есірткі қолданатындардың ішінде мефедрон тұтынушылардың орташа жасы – 25-26 жас, героин мен метадон – 39 жас, метамфетамин – 38 жас, альфа-PVP – 32 жас.
Альфа-пирролидиновалерофенон (α-PVP) – синтетикалық психостимулятор, катинондар класына жатады. Бұл зат – пировалеронның дезметилдік аналогы, α-пирролидинофенондар тобына кіреді. Оның әсері орталық жүйке жүйесін стимуляциялау арқылы, мидағы дофамин мен норадреналиннің бөлінуін арттыру арқылы жүзеге асады.
α-PVP тұтыну нәтижесінде гиперстимуляция, паранойя, галлюцинациялармен сипатталатын «қозған делирий» жағдайы туындауы мүмкін. Бұл затты үлкен дозада қолдану дене қызуының шектен тыс көтерілуіне, бүйрек жетіспеушілігіне немесе бүйрек зақымдануына алып келуі мүмкін.
Альфа-PVP-қа тәуелділік тез дамиды, бұл затты қолдануды тоқтатуға әрекет жасағанда абстиненттік синдром пайда болады, мас күйін сақтау үшін үнемі жаңа доза қажет болады. Тәуелді адам затқа қол жеткізу шектелген жағдайда агрессиялық мінез көрсетуі мүмкін.