Жиі қойылатын сұрақтар
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін:
- «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандығы Заңының 16-1-бабы негізінде:
1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар;
2) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өз еркімен азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
3) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар жатады.
- «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» Конвенцияға сәйкес –Қазақстан Республикасының азаматымен тіркелген некеде тұрған әйелдер.
- Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы келісімге сәйкес.
Қарау мерзімі – 3 ай. Азаматтыққа қабылдау ПД қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын «egov.kz» электрондық үкімет порталында qamqor.gov сайты арқылы тексеруге болады (бұзушылықтын фотосуретін көру мүмкіндігімен). Әкімшілік айыппұлды он-лайн режимде Kaspi.KZ, egov.kz, HandyPay, MyPay, Homebank.kz т.б. интернет-қосышаларында, сондай-ақ екінші деңгей банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерде төлеуге мүмкіндік бар.
Айппұлды жоғарыда аталған тәсілдермен төлеу кезінде төлеу туралы белгі автоматты режимде деректер жүйесіне түседі, бұл түбіртекті ішкі істер органдарына ұсыну қажеттілігін жоққа шығарды.
Жазаның кейбір түрлерін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, қысқаша ЖӨШТМББ – мәжбүрлеп түзетуді қажет етпейтіндерге мемлекет тарапынан осындай көтермелеу тәсілдерінің бірі.
Сотталған адам:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;
2) ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн;
3-1) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған жағдайда, жазаның қалған өтелмеген мерзімінің кемінде үштен екісін;
4) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін;
5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды:
1) өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған;
2) адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған;
3) ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер жасаған жағдайларды; ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған сотталғандарды қоспағанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған;
4) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
ЖНЖТ (Жазаның неғұрлым жеңіл түрі) – бұл бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеу немесе айыппұл түрінде жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру. Сотталған адам нақты өтегеннен кейін оның өтінішхаты бойынша қолданылады:
- онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің 1/4 кем емес;
- ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімінің 1/3 кем емес; шартты түрде мерзімінен бұрын босату дан айырмашылығы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілге ауыстырған кезде ауыр қылмыс жасаған адам қаралмайды.
* Сотталған адамның өтінішхатына оның жеке басын, мінез-құлқын, жазасын өтеу кезіндегі еңбек пен оқуға көзқарасын сипаттайтын деректер қоса беріледі. ЖНЖТ төмендегі санаттағы сотталғандарға қолданылмайды:⠀
- аса ауыр қылмыстар үшін;⠀
- кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысы үшін;⠀
- адамдардың өліміне әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін;⠀
- қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін.
Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталғандардың міндеттерін орындауына жауап береді:
- сотталғанның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін өзгертпеу;⠀
- белгілі бір орындарға бармауға;
- емдеу курсынан өту;⠀
- отбасына материалдық қолдау көрсету;
- сотталғанды түзетуге ықпал ететін басқа да міндеттер.
ЖНЖТ қолдану соттың ерекше құзыретіне жатады.
Сотталғандардың кездесу құқығын іске асыру, сондай-ақ covid-19-ға уақытша шектеу шаралары кезеңінде оң әлеуметтік байланыстарды қолдау мақсатында, оның ішінде балаларға арналған ПТР тестілерін міндетті түрде ұсына отырып, үш жасқа дейінгі балалармен бір ересек адамға ғана ұзақ кездесулер беруге рұқсат етіледі.
Балалардың қысқа мерзімді кездесулерге қатысуына да тыйым салынбайды. Сонымен қатар, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжаттарды ұсыну міндетті емес.
Бұдан басқа, жақын туыстармен және жеке істе көрсетілген өзге де адамдармен әлеуметтік байланыстарды қолдау үшін сотталғандарға олардың өтінімі бойынша бейнебайланыс арқылы 15 минуттық сөйлесулер беріледі. Сондай-ақ, қалауы бойынша жазасын өтеп жатқан адам ұзақтығы 2 сағаттан аспайтын қысқа мерзімді кездесуді бейнеқоңыраумен ауыстыруға құқылы.
Ішкі істер органдарына (бұдан әрі – ІІО) қызметке қабылдау лауазымға тағайындау жолымен, оның ішінде құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскен адамдар үшін келісімшарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, ІІО-ға қызметке алғаш рет кіретін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
ІІО-ға қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына қызметке кандидаттардың түсуі олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіптік даярлықтан өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар іріктеуге қатысуға өтініш, қажетті құжаттарды ІІМ аумақтық органдарының кадр қызметіне береді, сондай-ақ медициналық, психофизиологиялық куәландырудан, полиграфологиялық зерттеуден және арнайы тексеруден өтеді.
Іріктеуді қабылдау комиссиясы жүзеге асырады және дене шынықтыру нормативтерін тапсыруды, сондай-ақ әңгімелесуді қамтиды. Іріктеу нәтижелері бойынша үміткерлер тыңдаушылар тарапынан оқу орнына қабылданады. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін тыңдаушылар ІІМ аумақтық органдарының кадрларына қабылданады және лауазымға тағайындалады.
ІІО-дағы қызметке жасы он сегізге толған, отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене бітімінің дамуы бойынша өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған адамдар қабылдана алады.
ІІО-дағы қызметке адам қабылдана алмайды:
- заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
- әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;
- медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;
- құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
- қызметке тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
- қызметке тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
- қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қызметке тұрар алдындағы үш жыл ішінде соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрар алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған өзіне қатысты;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;
- қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған не қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған азаматты ұстауға міндетті.
Қазақстанда есірткі сататын және насихаттайтын интеренет-сайттарға жасалатын сілтемелерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық Кодекске жаңа бап (ҚК 299-1 бабы) енгізілген. Ол бар бойынша 3 жылға жылға дейін, егер бұл қылмыс топпен, бірнеше рет немесе білім ұйымдарында жасалған болса 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.
Синтетикалық есірткілер аз уақытта адамның организмінде тәуелділік туғызады, орталық нерв жүйесін зақымдайды, психикалық жағдайы бұзылады.
Негізі синтетикалық есірткілер "жасырын түрде" қолдан жасалады және олар синтезделгенде "күкірт", "калий", "мышьяк" сияқты улы заттар түзеді. Нашақор көп жағдайда дозаның мөлшерін білмей шамадан тыс пайдаланудан көз жұмады.
Қазіргі уақытта интернет өте қолжетімді. Балалар мен жастар гаджеттерде, телефондарда интернет желісінде есірткі жарнамалайтын және сататын ресурстарды оңай, әрі тез көре алады.
"Интернет-дүкендер" негізі "телеграмм" мобильді қосымшасы арқылы құрылады, оларды кез-келген смартфонға жүктеуге болады.
Көп жағдайда жастарға есірткілерді жарнамалайтын сайттар туралы жарнаманы жабыстырушы немесе курьерлер жұмысын ұсынады. Бұл әрекеттердің барлығы қылмыспен жазаланады және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Синтетикалық есірткілер көп жағдайда арзан болып келеді және жастар қызығатын сағыз және мұз тәттілермен бүркемелеп сату фактілері кездеседі.