Сауда-экономикалық даму

Сауда-экономикалық даму

Халықаралық қатынастарды дамытудың негізгі міндеті таяу шетелдермен халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі ұсыныстарды реттеу және әзірлеу, таяу шетелдермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз ету, алыс шетелдермен халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі ұсыныстарды реттеу және әзірлеу, халықаралық және өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық сауда-экономикалық қатынастарын дамыту жөніндегі ұсыныстарды үйлестіру және әзірлеу болып табылады., сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз етуге жәрдем көрсету.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

2021 жылғы 6 қыркүйекте  ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Швейцария Федералдық Кеңесінің сауда келісімдері жөніндегі уәкілі Эрвин Боллингермен келіссөздер жүргізді. Швейцарияға жұмыс сапары Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша өтуде. Естеріңізге сала кетейік, министр Сұлтанов екіжақты қазақстан-швейцария үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болып табылады.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселелерін талқылады.

Бақыт Сұлтанов сауда ағындарының теңгерімсіздігін және өзара сауда құрылымын әртараптандыру қажеттілігін атап өтті. Ол әріптесіне жалпы сомасы $400,3 млн құрайтын өнімнің 70 атауынан экспорттық әлеуетті тауарлардың тізбесін ұсынды.

"Біздің мұнай-химия, машина жасау, металлургия, химия, тамақ, Құрылыс тауарлары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері салаларының өнімдерін жеткізуді ұлғайту мүмкіндігіміз бар. Қазақстанда Еуроодаққа экспортталуы мүмкін қазақстандық өнімнің ЕО талаптары мен нормаларына сәйкестігін келтіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде", - деп хабарлады Сауда министрлігінің басшысы.

Тараптар, сондай-ақ, біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында нормативтік құқықтық базаны өзектендірудің маңыздылығын атап өтті. Оның ішінде, қызметтер саудасын ішкі реттеуге қатысты хаттама жасасуға дайындық бойынша жұмыс барысы.

"Аталған хаттамаға қол қою заңнамалық кедергілерді жоюға, рұқсат беру жүйелерін әкімшілендіруді жетілдіруге және лицензиялық талаптардың транспаренттілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады", - деді Сұлтанов.

Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын келесі жылы өткізуге уағдаластық.

Кездесуде сондай-ақ ДСҰ-ның дайындалып жатқан 12-ші Министрлік конференциясының мәселелері талқыланды. Тараптар МК-12 мазмұнды мәселелері бойынша нәтижелерге қол жеткізуге және осы конференцияны нәтижелі өткізуге үміт білдірді.

Сол күні Сауда және интеграция министрі бірқатар швейцариялық компаниялардың өкілдерімен: KS Genetics SA компаниясының президенті Филиппо Ломбарди, Crypto Valley Venture Capital венчурлік компаниясының Басқарма мүшесі, Швейцария Конфедерациясының экс-Федералдық Кеңесшісі және Федералдық президенті Йохан Шнайдер-Амманнмен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, "Ammann Group" бас директоры, Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ханс-Кристиан Шнайдер және Stadler Rail AG Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің тең төрағасы Петер Шпулер сөз сөйледі.

Министр бизнес өкілдерімен Қазақстан аумағындағы экспортқа бағытталған жобаларды инвестициялау мәселелерін талқылады.

Анықтама:

2020 жылы Швейцария Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы 2% үлесімен ҚР-ның 11-ші ірі сауда серіктесіне айналды.

Қазақстан мен Швейцария арасындағы өзара сауда көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 39% - ға төмендеп, $1,7 млрд құрады (2019ж. - $2,8 млрд.).

Экспорттың негізгі төмендеуі жеткізілімдердің қысқаруы есебінен болды: шикі мұнай (әлемдік бағалардың төмендеуі аясында), табиғи газ – 24,5% - ға немесе $52 млн. – ға (пандемияға байланысты Еуропада сұраныстың қысқаруы жағдайында тауар бағасының төмендеуі аясында). 2020 жылы Швейцариядан Қазақстанға Импорт 38,9% - ға өсіп, $188,4 млн құрады.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде тауар айналымы $673,2 млн.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37% - ға төмен ($1 0169,2 млн.)