Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің реформасы жүргізілуде. Атап айтқанда, ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың орнына қоғамның нақты қажеттіліктеріне бағдарланған ықшамды ұлттық жобалар қабылданатын болады.

Осылайша, сауданы дамыту «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» және «Кәсіпкерлікті дамыту» деген 2 ұлттық жобаларда көрініс табады (әзірлеуші – Ұлттық экономика министрлігі).

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу»жобасы шеңберіндешикізаттық емес экспортты 2 есеге - 41 млрд. долларына дейін ұлғайтубойынша міндет көзделген.

Мұны шешу үшін бірқатар кешенді шаралар қабылданатын болады.

Біріншіден,«Экспорттық акселерация»бағдарламасы іске асырылатын болады. 2025 жылға дейін1000отандық тауар өндірушілерді қамту жоспарланып отыр. Олардың ішінде кәсіпорындардың30%-ыөздерінің алғашқы экспорттық келісімшарттарын алады, қалған70%-ыөздерінің экспорттық көлемдерін ұлғайтады немесе тұрақты жеткізілімдері бар жаңа нысаналы нарықтарын ашады.

Екіншіден,жыл сайын кемінде50 экспорттаушы халықаралық электрондық алаңдарғашығарылатын болады. Арнайы премиум мәртебесі бар экспорттаушылар өз өнімдерін маркетплейстер ішінде жан-жақты ілгерілету мүмкіндігіне ие болады.

Үшіншіден,экспорттаушылардықолдау жөніндегі кешендішаралар кеңейтілетінболады. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға, экспорт географиясын кеңейтуге және экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Төртіншіден,2025 жылы зертханалық базаның 30%-ы жаңғыртылады.Отандық өндірушілер Қазақстанда өз өнімдеріне сынақ жүргізе алады және сол арқылы өздерінің шығындарын азайта алады, яғни экспортқа шыққан кезде бәсекеге қабілетті бола алады.

 

Екінші ұлттық жоба«Кәсіпкерлікті дамыту»ұлттық тауар өткізу желісін құрудықамтиды.

Бұл бағыттағы жұмыс басталды.

Біріншіден,стационарлық емес сауда объектілері жаңғыртылатынболады.

Бүгінгі күнге500-денастам әмбебап сауда базарларының103-іжаңғыртуды талап етеді. 2023 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында37,2025 жылдың соңына дейін қалған66(басқа өңірлерде) сауда объектісін жаңғырту жоспарлануда.

Аталған шараларөркениетті саудадеңгейінарттыруға,салықтық әкімшілендірудіжақсартуға жәнекөлеңкелі сауданықысқартуға мүмкіндік береді.

Екіншіден,тиімді жұмыс істейтін сауда-логистикалық және тарату жүйесін құру көзделеді. Бұл заманауи сауда инфрақұрылымын қалыптастыру,24 КТОсалу.

Оны іске асыру сауда субъектілерінің өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгітиімді өзара іс-қимылынқамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден,Трансшекаралық хабтарды дамытудың бірыңғай стратегиясы қабылданады жәнетрансшекаралық сауданың 5 орталығықұрылады/жаңғыртылады.

Бүгінде,Өзбекстанменшекарада«Орталық Азия»ХСЭЫО құру басталды.Ресей, Қытай, Қырғызстанменсыртқы шекараларда осындай орталықтар құру және жаңғырту жоспарда бар.

Аталған мәселелерді шешудегі кешенді және жүйелі тәсілсауда хабтары жүйесін құруғамүмкіндік береді. Кейіннен бұл жүйеКТО-мен интеграцияланып,Еуразиялық сауда ағындарындамытудың өзегі болады.

Бүгінгі күнге ұлттық жобалар мүдделі мемлекеттік органдармен келісудің барлық рәсімдерінен өткенін және жақын арада Премьер-Министр Кеңсесіне және Президент Әкімшілігіне қарауға енгізілетінін атап өткен жөн.