Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жақсарту үшін Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.   2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында департаментпен 431 өтініш қаралды.

Оның ішінде: «Е-өтініш» бойынша – 220 өтініш,   басшылық пен мамандардың жеке қабылдауында – 148 өтініш,   «Жедел желі» арқылы – 52 өтініш.   Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан:   - 154 (35,7%) өтініш түсіндірілді,   - 140 (32,5%) өтініш қанағаттандырылды,   - 80 (18,5%) өтініш қайта жөнелтілді,   - 26 өтініш кері қайтарылды,   - 31 өтініш келесі айға өтті. (6 айда)   Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында тұтынушыларға нақты қайтарудың жалпы сомасы 3 082 220 теңге көлемінде қаражат қайтарылды.

https://ognialatau.kz/news/cat-12/30028/