Жиі қойылатын сұрақтар
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 42-баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде, сондай-ақ Заңының 42-баптың 3-тармағында айқындалған мүмкіндік пайдаланылған болса, тұрғын үй инспекциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару жөніндегі уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес уақытша басқарушы компанияны айқындайды және бір жылға дейінгі мерзімге тағайындайды
Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы заңды тұлға құрылған не жай серіктестік құрылған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде Үй - жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативіне, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативіне, тұтыну кооперативіне, сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғаларға-тұрғын үйлерді басқарушы (менеджерлер) не осындай үйді басқарушы заңды тұлғаларға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
Хабарламаны алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды қабылдау-беру актісі бірлесіп жасалады.
Үй кеңесіне немесе мүлік иелері бірлестігінің төрағасына не жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасына кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды беру қабылдау-беру актісіне қол қойылғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Хабарлама және қабылдау-тапсыру актісінің нысанымен сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000022026
МИБ кондоминиум объектісін басқару функцияларын ғана жүзеге асырады.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды сервистік қызмет субъектілері мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасымен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырады.
Осылайша, сіз онымен МИБ штатына қабылданбай қызмет көрсету туралы келісім жасай отырып, аула тазалаушыны тартуға құқығыңыз бар.
- МИБ төрағаның ағымдағы және жинақ шоттарын ашуы.
- Техникалық, жобалық, қаржылық және өзге де құжаттарды қабылдау(түгендеу);
- Кондоминиум объектісін тіркеуді қамтамасыз ету;
- Шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын әзірлеу;
- Жиналыста тарифті бекіту;
- Коммуналдық ұйымдармен, сервистік компаниялармен және ЕРЦ-мен шарттар жасасу;
- Ай сайынғы және жыл сайынғы есептерді жасау;
- Есепті үй Кеңесіне Жолдау, содан кейін үй кеңесінің әрбір меншік иесіне есеп беруі;
- Ақша қаражатының түсуіне мониторингті жүзеге асыру;
- Кондоминиум объектісін сапалы басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау үшін қажетті өзге де іс-әрекеттер.
Көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылданған кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тіркеуші органға өтініш беру арқылы пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың бірінші меншік иесінің меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген барлық мүлікті (бар болса, паркингті қоса алғанда) қосуға міндетті.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған көп пәтерлі тұрғын үйлерді (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық тексеруді, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топтың өтініші бойынша немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша жүргізіледі.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде:
- көппәтерлі тұрғын үй астындағы жер учаскесін қоса алғанда, көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы алаңы;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамы және дара (бөлек) меншіктегі әрбір пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлесінің мөлшері;
- жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлердің жалпы алаңы және тұрғын емес үй-жайлардың алаңы.
Үй жанындағы жер учаскесін тіркеу жиналыс шешімінің негізінде кемінде екі пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тұратын бастамашыл топ өтініш берген кезде астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркегенге дейін ортақ мүліктегі үлесі бар мәміле дара (бөлек) меншіктегі мүлікпен мәмілені жүзеге асыру кезінде жасалған деп есептелетін жағдайларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкімен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.
Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) нормаларына және мемлекеттік құрылыс нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу тәртібі «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР ҚН 1.04-26- 2011 көрсетілген (бұдан әрі – ҚР ҚН).
ҚР ҚН сәйкес: ғимаратты, объектіні күрделі жөндеу: жұмыстар кешені, олардың барысында тозған конструкциялар мен ғимараттар бөлшектерін жаңа немесе неғұрлым берік және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану мүмкіндігін жақсартатын жаңа немесе неғұрлым берік және үнемді етіп ауыстыру жүргізіледі. Негізгі конструкцияларды қалпына келтіру немесе ауыстыру (ғимараттар мен құрылыстардың тас және бетон іргетастары, ғимараттардың қабырғалары мен шатырларының барлық түрлері, қабырғалардың қаңқаларының барлық түрлері, жер асты желілерінің құбырлары және т.б.) ерекшелік болып табылады. Конструкциялық элементтер мен инженерлік жабдықтар жүйелерін ауыстыра отырып (қажет болған жағдайда) ғимарат ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жүргізіледі;
Ғимараттың, нысанның ағымдағы жөндеуі-бұл ғимараттар мен инженерлік жабдықтардың бөліктерін алдын алу іс-шараларын жүргізу және ұсақ бүлінулер мен ақауларды жою арқылы уақытынан бұрын тозудан жүйелі және уақтылы сақтауға бағытталған техникалық іс-шаралар кешені. Ғимарат конструкцияларының және инженерлік жабдықтар жүйелерінің жарамдылығын (жұмысқа қабілеттілігін) қалпына келтіру, сондай-ақ барлық пайдалану көрсеткіштерін қолдау мақсатында жүргізіледі.
Объектінің аяқталған ағымдағы жөндеуін қабылдауды пайдалану қызметінің, жөндеу- құрылыс ұйымының өкілдері (жұмыстарды мердігерлік тәсілмен орындаған кезде) құрамындағы комиссия жүзеге асыруы тиіс.
Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей- тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады., (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамыту және құрылыс салу схемасын ауыстыратын) негізінде орындалған құрылыс жұмыстары.
Өз кезегінде Заңның 73-бабының 2-тармағына сәйкес салынған объектіні қабылдауды және пайдалануға беруді тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес ол толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргізеді.
Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.
Сонымен қатар, Заңның 75-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген жобалық шешімдер мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ теріс қорытындылар болған жағдайда Тапсырыс беруші мердігер (бас мердігер) бұзушылықтарды жойғаннан кейін объектіні пайдалануға қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектіні пайдалануға қабылдау осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Объектіні бұзылған және құрылыс кемшіліктері бар пайдалануға қабылдаған жағдайда объектіні пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығымен бекітілген Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына сәйкес өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері 20-40 минут. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Бұрын аттестаттау рәсімі 2012 жылғы 25 қаңтар № 165 Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларымен регламенттелдi. Аттестаттау мерзімі әрбір 5 жыл сайын көрсетілген қаулымен белгіленген (2015 жылғы 16 шілдедегі № 542ҚРҮҚ сәйкес күші жойылды).
Қазіргі уақытта, аттестаттау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10058 тіркелді) (бұдан әрі – Ереже). Ережеге сәйкес аттестаттын (бұдан әрі – сарапшының аттестаты) мерзімі көрсетілмеген (2015 жылғы 12 ақпанда күшіне енді).
Осылайша, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының аттестаты мерзімсіз беріледі.
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңның 43-бабының 1 және 2-тармақтарында сәйкес (бұдан әрі – Заң) нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар Заңның 43-бабының 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi.
Бұл жағдайда, сарапшының аттестаты қолданылу мерзіміне шектеулерді алып тастау қайта рәсімдеу бойынша міндетін жоққа шығарады және Қағдалар тиісінше бұрын берілген сарапшының аттестаттарына кері күші бар.
Сондай-ақ, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанында берілген болса, лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші өтініші бойынша оларды электрондық форматқа көшіруге және рұқсаттың электрондық нысанын алуға құқылы.
Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, бұрын берілген аттестаттарды электрондық форматқа мерзімін көрсетпей отырып қайта ресімдеу үшін аттестатталған сарапшыларға тиісті құжаттарды қоса бере отырып облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы Басқармаларына жүгіну қажет, бұл ретте қайта аттестаттау қажет етілмейді.
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген 2- қосымшаға сәйкес, орындалу (көрсетілу) сапасы осындай жұмыстарды (қызметтерді) тікелей орындайтын (көрсететін) қызметкердің біліктілігіне байланысты жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның қажетті деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, үш жылдан аспайтын жұмыс өтілін (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерде неғұрлым жоғары өтіл көзделген жағдайларды қоспағанда) айқындайтын қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындау қажет.
Сіз тұрғын үй инспекциясының аумақтық органдарына өтініш бере аласыз. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үй қорын басқару салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдарының тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй инспекциясы осы заңды және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп- ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсыныстар) шығару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.