Жиі қойылатын сұрақтар

Уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі бұзылған жағдайда, мемлекеттік бақылауды қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган – ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 61-бабының 2) тармақшасы) жүзеге асырады.

Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, сондай-ақ уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі бұзылған кезде мемлекеттік бақылауды көмірсутектер саласындағы және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган - ҚР Энергетика министрлігі (62-баптың 11) тармақшасы, сондай-ақ ҚР Кодексінің 63-бабының 7) тармақшасы жүзеге асырады «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»)