Сарыарқа ауданының тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желі парақшасында «Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция лейтенанты Қасқырбек Жасұлан Бақытұлына жеделдігі, кәсібилігі мен сауаттылығы үшін ризашылығын білдірді. Азаматшаның айтуынша, полиция қызметкері Қамбар түскен өтініштерге бірден жауап беріп, жұмысында ұқыптылық пен сауаттылық көрсетеді.