Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының жеке құрамы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызмет барысында мемлекетіміз жаңадан қадам басу барысында қабылдаған заңдарымен құқықтық нормативтік актілер, сонымен қатар Шет ел мемлекеттерінің басшыларының силаған наградалары мен естелік заттарымен танысты. Экспонаттар және Елбасымыз жұмыс істеген ғимарат ЖКБ жеке-құрамының көңілінде ұмытылмас әсерлі сезім қалдырды.