10 наурыздан бастап елорда аумағында көші-қон тұрақтылығын қолдау, көші-қонның криминогендік жағдайға қолайсыз әсер ету қаупін азайту мақсатында "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік азаматтардың болу ережелерін бұзудың 1500-ге жуық фактісін анықтады, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 қылмыстық іс, оның ішінде мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өткені үшін 2 іс қозғалды.