💠 Көші-қон саласындағы бірқатар функциялар ІІМ-нен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді 📊 Атап айтқанда, еңбек иммигранттарына рұқсат беру, босқындармен жұмыс, халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон процестерінің мониторингі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес бірқатар басқа да өкілеттіктер берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің босқындармен жұмысы көбіне оларға әлеуметтік көмек, медициналық қызмет және білім беруге, сондай-ақ, оларды жұмысқа орналастыруға бағытталатын болады. ☎️Барлық туындаған сұрақтар бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне 8/717/2-74-37-78, 74-37-26 және ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті телефондарына хабарласуға болады 8/717/2-71-40-73, 72-20-62.