Құрылым
Сыртқыэкономикалық және әкімшілік қызметтер бөлімі
Сыртқыэкономикалық және әкімшілік қызметтер бөлімі «Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасына сәйкес, бөлімге мемлекеттік қолдау көрсету өкілеттігі жүктелген. 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ішкі және сыртқы нарықтарда, Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібін дамыту және қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Өңдеуші сектордың тұрақты өсуі мен бәсекеге қабілеттілігіне технологиялық прогрессивті өнеркәсіп құру, кейіннен жаһандық нарықтарға шыға отырып, орта-жоғары технологиялық өнім құруға бағдарланған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі қорларын трансформациялау және цифрландыру жолымен қол жеткізілетін болады. Осы бағдарлама шеңберінде Индустрияландыру картасы және өңірлік Кәсіпкерлікті қолдау картасы қалыптастырылады, ол Картаның негізгі міндеті жаңа инвестициялық жобаларды әзірлеу болып табылады. Индустрияландыру картасына және өңірлік Кәсіпкерлікті қолдау картасына жобаларды іріктеу 2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ-ның басымдықтарына және жобаларды Индустрияландыру картасына және өңірлік Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлім жұмысы жылдық жеке жоспар негізінде құрылады. Өкілеттікті іске асыру кезінде бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыстық мәслихаттың шешімдерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, басқарма Ережесін басшылыққа алады.
Бөлім басшысы:
Башағұлова Нұргүл СапарқызыТелефон:
8 /7292/ 33-58-06 (ішкі: 1208)Электрондық пошта:
n.bashagulova@mangystau.gov.kzӨнеркәсіп бөлімі
Өнеркәсіп бағыты бойынша негізгі функциялар Қазақстан Республикасының индустриялық саясатын өңірде іске асыру, өнеркәсіпті, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мониторингі, өңірде жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Бөлім басшысы:
Данекерова Гүлмира ҚонысқызыЭлектрондық пошта:
gu.danekerova@mangystau.gov.kzИнвестициялық саясат және индустриалдық-инновациялық қызмет бөлімі
Бөлімнің негізгі бағыты өңірдің инвестициялық қызметін жақсарту және ілгерілету болып табылады. Бөлім инвестицияларды тартумен айналысады: сыртқы және ішкі, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және инвестициялық жобалар портфелін басқару. Сонымен қатар бөлім, сыртқы экономикалық қызметті дамыту, аймаққа инвестиция тарту бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысу, шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларды бақылау, экспортты жылжытудағы проблемалық мәселелер мен кедергілерді талдау үшін Өңірлік экспорттық кеңестің жұмысының ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз ету, экспортты жылжыту бойынша Аймақтың жол картасының іске асырылуын бақылау және дамытумен айналысады