Құрылым
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы" Акционерлік қоғамы
"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ қызметі туралы анықтама
"Ақтау теңіз порты" АЭА" Ақтау теңіз порты"еркін экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 Жарлығымен құрылды. "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның негізгі міндеті экспорттық-бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерді құру үшін инвестициялар тарту болып табылады. Еркін экономикалық аймақтың ерекше мәртебесі республика экономикасына капиталды тарту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) аумағы 2140 га құрайды және 9 субзонды және бір жағалау аймағын қамтиды. Оның ішінде №1 (298,3 га, оның ішінде қатысушылар 50% – ды игерді) және №3 (194,5 га-оның ішінде қатысушылар 80% - ды игерді) субзондар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.