Еңбек заңнамасы бөлімі

Функциялары:

  • басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
  • өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  • қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
    өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер кестелерін әзірлейді және бекітеді;