Жалпы ақпарат

Ерманов  Т.Т.
Ерманов Талант Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы

Департамент туралы

«Қостанай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті» Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурулар, кәсіптік улану себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексереді;

басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;

өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;

қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер кестелерін әзірлейді және бекітеді;

еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мерзімді есептерді, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйе базасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;

еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты ұсынады;

еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;

жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.

Қызмет бағыты