Өтініштермен жұмыс жөніндегі бөлімі
Фронт-офистің ашылуы
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінде ағымдағы жылдың 6 қазанынан бастап фронт-офис ашылып, жұмыс істеуде. Сондай-ақ, фронт-офистер облыстың 14 өңірінде жұмыс істейді, оның ішінде: Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Қаражал, Приозерск, Шахтинск қалаларында, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, Абай, Ақтоғай, Нұра, Осакаров, Ұлытау аудандарында жұмыс істейді. Фронт-офистер халықпен жұмыстың жаңа форматын енгізу, жеделдікті арттыру, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында ашылған.
Фронт-офиске жүгінген азаматтар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін барынша қолайлы жағдайларда консультациялар мен қызметтер ала алады.
Сонымен қатар, кеңсе қызметкерлері тұрғындардың қаладағы өмірді жақсартуға бағытталған ұсыныстарын жинап, талдайды. Сол сияқты, облыс басшылығымен келіссөздер және азаматтарды қабылдау бөлмесі жабдықталды.
Жалпы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру тұрақты бақылауда.