Қарағанды облысы Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан, Солтүстік Мұзды және Үнді, Атлантикалық және Тұнық мұхиттарынан бірдей қашықтықта жатыр. Облыс Қазақ кіші шыңдарының ең жоғарғы бөлігі – Сарыарқаны алып жатыр.
Облыс солтүстігінде Ақмола облысымен, солтүстік-шығысында Павлодар облысымен, шығысында Абай облысымен, оңтүстік — шығысында Жетісумен, оңтүстігінде Алматы облысымен, оңтүстік — батысында Жамбыл облысымен, батысында Ұлытау облысымен, солтүстік-батысында Қостанай облысымен шектеседі.
Облыс орталығы Қарағанды қаласында орналасқан, ол 1934 жылы құрылған болатын.
Қарағанды облысы аумағының ауданы - 23 млн 904,6 мың га
Халық саны - 1, 145, 0 мың адам.
Облыс аумағына 8 қала кіреді, оның ішінде 6 облыстық маңызы бар және 2 аудандық маңызы бар, 8 кент, 349 ауылдық елді мекен.