Құрылым
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі
Бөлімдермен бірлесіп, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының бөлімдеріне ұсыныстар дайындайды. Басқарманың жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарын жасайды, бөлімнің жұмысын тоқсанға, жылға әзірлейді және жоспарлайды. Басқарманың веб-сайтында ақпаратты орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Мониторинг жүргізеді, ақпарат жинайды, басқару саласы бойынша есептер дайындайды. Басқарма басшысына қол қоюға құжаттарды дайындайды. Бақылау құжаттарына жауаптардың сапасын тексереді. Басшыға қол қоюға ұсынылатын құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың бөлімдерімен бірлесіп өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыруға сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді, енгізеді. Бекітілген Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, ұйымдастырады және жүзеге асырады. Сатып алынатын тауарлардың, ұйымдастыру техникасының, жабдықтардың, қызметтер мен жұмыстардың техникалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттайтын техникалық ерекшелікті әзірлейді. Сатып алынатын жұмыстардың қажетті техникалық және сапалық сипаттамаларының толық сипаттамасын жасайды. Орындалатын жұмыстарға сәйкес келетін стандарттарды, кепілдік мерзімін көрсетеді. Конкурстық құжаттаманы жасау және конкурстық өтінімдерді бағалау бойынша ұсыныстар дайындайды. Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімнің қызметіне жауапты болады. Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептіліктің белгіленген мерзімінде қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат береді және қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізеді. Бюджет қаражатының пайдаланылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Жалақыны, бюджетке, бюджеттен тыс қорларға төлемдерді уақтылы есептеуді және аударуды жүзеге асырады. Сан лимитінің сақталуына бақылау жүргізеді. Қаржыландыру жоспарының орындалу балансын жасайды. Бас кітапты жүргізеді. Еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі комиссияға қатысады. Басқарма жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша ақпарат дайындайды. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын жасайды, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің жай күйі туралы деректерді дайындайды
Бөлім басшысы:
Ахимбекова Алтын ЖанайдаровнаТелефон:
56-88-32Электрондық пошта:
a.akhimbekova@karaganda-region.gov.kzТұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі
Газбен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, облыс халқының сұйытылған мұнай газымен қажеттілігін қанағаттандыру жөніндегі жұмыстар кешеніне қатысады. Уәкілетті органға облыс аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын, облыс аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Облыс аумағында алдағы күнтізбелік жылға сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын дайындайды. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, сондай-ақ бекітуге енгізеді. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Облыстық және республикалық бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде Қазақстан Республикасының салалық министрліктеріне, сондай-ақ бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді дайындайды, ұсынады, қорғайды.
Сумен жабдықтау және су бұру бөлімі
Бөлім алдында тұрған сумен жабдықтау және су бұру саласындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Облыстық және республикалық бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде Қазақстан Республикасының салалық министрліктеріне, сондай-ақ бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді дайындайды, ұсынады, қорғайды. Облыстың сумен жабдықтау және су бұруды дамытудың басым бағдарламаларын талдауды, түзетуді жүргізеді және іске асыруға жәрдемдеседі. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады. Тиісті уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлейді және бекітуге ұсынады. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға сумен жабдықтаудың аса маңызды Жергілікті жүйелерінің тізбесін бекіту туралы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ақпарат береді. Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарға мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер қойнауын жер асты суларына мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу арқылы жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады. Өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын бекіту мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, сондай-ақ бекітуге енгізеді. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) келіседі. Қарағанды облысында іске асырылатын мемлекеттік - жекешелік әріптестік шарттарының және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады. Қарағанды облысында іске асырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты Конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастырады. Қарағанды облысында іске асырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттар жасасады. Облысты жылу энергиясымен, электр энергиясымен, сумен, газбен, су бұрумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында қатысушылармен (жеткізушілермен және тұтынушылармен) өзара іс-қимыл жасайды. Тиісті аумақтағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады. Мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Зәйнілғабиден Асылхан АрдаұлыТелефон:
56-08-75Электрондық пошта:
a.zainilgabiden@karaganda-region.gov.kzЭнергетика және газдандыру бөлімі
Газбен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, облыс халқының газбен жабдықтау қызметімен қажеттілігін қанағаттандыру жөніндегі жұмыстар кешеніне қатысады. Өз құзыреті шегінде облыс аумағында газдандырудың бас схемасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің құрылысы көзделген жер учаскелерін резервке қояды. Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің газбен жабдықтау мәселелері бойынша қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды. Өз құзыреті шегінде газды жеткізу және тұтыну бойынша ұсыныстар мен нормативтік базаны әзірлеуге қатысады. Құзыреті шегінде газбен жабдықтау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар енгізеді. Бөлім қызметіне қатысты стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу. Жаңадан салынған газбен жабдықтау желілері үшін сенімгерлік басқару шартының жобаларын әзірлеуге қатысады. Өз құзыреті шегінде газ құбырына қосылу үшін тұтынушыларға қойылатын ережелер мен талаптарды әзірлеуге қатысады. Қаржыландыру жоспарын уақтылы жасауға, бюджеттік өтінімдер беруге бақылау жүргізеді,орындалған жұмыстар мен шығындар актісін (КС-2, КС-3) қабылдауды орындайды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесін бекітеді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Өз құзыреті шегінде газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың инвестициялық бағдарламаларын келіседі. Жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленуіне және қабылдануына бақылауды жүзеге асырады, конкурстық құжаттаманы дайындауды жүзеге асырады. Энергия, жылу көздерінің, жылу желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар кешеніне қатысады. Жылыту маусымын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, әлеуметтік мәдени тұрмыс пен тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау және оларды көмірмен қамтамасыз ету бойынша мониторингті жүзеге асырады. Облыс халқының жылу энергиясына қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жылу желілері мен қазандықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мониторингін жүргізеді. Жылу желілерін дамыту схемаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Жылумен жабдықтау бағыттары бойынша басшылыққа тиісті ұсыныстар енгізеді. Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды. Жылумен жабдықтаудың жетекшілік ететін мәселелері бойынша есептер мен ақпаратты дайындауға қатысады. Жоғары тұрған атқарушы органдарға, салалық министрліктерге жедел және талдамалық ақпарат дайындайды және ұсынады. Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады. энергетикалық объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша ұсыныстар дайындайды. Жетекшілік ететін салаларды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады және мониторингті жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Үкіметінің қаулыларын, өңірлік бағдарламаларды, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша есептер дайындайды. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту жөніндегі актілерді әзірлейді. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келіседі. Көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді.
Бөлім басшысы:
Куаныш Адай СагадатовичТелефон:
25-51-90Электрондық пошта:
a.kuanysh@karaganda-region.gov.kz