Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасының «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде (жалға алу, тегін пайдалану, сенімгерлік басқару және басқа Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасымен белгіленген құқықта) мұнай өнiмдерiнiң базасына немесе резервуарға иелiк етуге тиіс.