Жиі қойылатын сұрақтар

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

     1) жеке тұлға-лицензия иегері тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;

     2) жеке кәсіпкер-лицензия иегері қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

     3) заңды тұлға-лицензия иегері қайта ұйымдастырылған;

     4) заңды тұлға-лицензия иегерінің, атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);

     5) берілген лицензияны иеліктен шығарған;

     6) өндіріс базасының мекенжайы өзгерген;

     7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

     Егер елді мекендердің атаулары, заңды мекенжайлардың көше атаулары өзгерген жағдайда, мұндай мекенжай өзгерістері лицензия иегері мен лицензия нысаны бойынша мемлекеттік цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет түрінің және (немесе) қызмет кіші түрінің атауы өзгертілген жағдайда, рұқсат беру тәртібі енгізілген лицензия иегері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқылы.

     Лицензияны қайта ресімдеу үшін «Е-лицензиялау» сайтында көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензияны ресімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы өтініш беру қажет.

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі – әрбір кіші түрі 8 АЕК.