Жиі қойылатын сұрақтар
Бұл жағдайда пайдаланылған майларды қайта өңдеу жолымен дизель отынын өндірудің технологиялық процесін сипаттау қажет.
Сонымен қатар, мұнай – газ-химия өндірісі - мұнай мен газды терең өңдеу кезінде жүзеге асырылатын процестердің жиынтығы (алкилдеу, изомеризациялау, пиролиз, дегидрирлеу, гидрирлеу, полимерлеу және т.б.), нәтижесінде көмірсутек шикізаты молекулаларының құрылымына химиялық өзгерістер болады.
Осыған байланысты, дизель отынын өндіруді «Мұнай-химия өндірістерін пайдалану» қызметінің кіші түріне жатқызу өндірістің технологиялық процесінде көмірсутек шикізаты молекулаларының құрылымы химиялық өзгерген жағдайда ғана мүмкін болады.
Сондықтан, қолданылатын технологиялық жабдықты көрсете отырып, дизель отынын өндіру процесі мен технологиясын егжей-тегжейлі сипаттау қажет.
ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 52-бабы 1-тармағына сәйкес осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай Қағидалардың (бұдан әрі - Қағидалар) 213-тармағына сәйкес, өндіруші ұңғымаларды игеру көмірсутектердің өнеркәсіптік ағындарын алу мақсатында жүргізіледі және бұрғылау процесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қағидалардың 214-тармағында ұңғымаларды сынау немесе игеру жөніндегі жұмыстар технологиялық шарттарды сақтау және ұңғымаларды бұрғылаудың техникалық жобаларында көзделген техникалық құралдармен және материалдармен қамтамасыз ету кезінде ғана бастайтыны көзделген.
Қағидалардың 223-тармағына сәйкес ұңғымаларды бұрғылау оларды бұрғылаудың техникалық жобасында және сынамалау немесе игеру жоспарында көзделген барлық жұмыстарды орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.
Осыған байланысты, егер ұңғымаларды бұрғылауға арналған техникалық жобада және сынамалау немесе игеру жоспарында ұңғыманы игерудің бастапқы кезеңі ретінде ұңғыманы аяқтау жөніндегі жұмыстар көзделсе, онда бұл жұмыстар «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою» қызметінің лицензияланатын кіші түріне жатады.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 17-бабы 4-тармағының негізінде Министрлік мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.
Қызметті жүзеге асырудың басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған: www.gov.kz → ҚР Энергетика министрлігі → Қызметі → Салалық құжаттар → Тізілімдер → көтерме жеткізушілер тізілімі.
Сондай-ақ, «www.elicense.kz» порталында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 47-бабының негізінде, өтініш берушінің хабарламаны жібергенін растауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алады.