Жиі қойылатын сұрақтар
Электр энергиясын жинақтау жүйесін орнату барлық жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілері үшін міндетті емес, ол тиісті аукциондық сауда-саттық түрінің талаптары мен заңнамада белгіленген жағдайларда міндетті болып табылады.
«ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының 1-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттық электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жабдықталған жаңа ЖЭК объектілерін салу жобаларын іріктеу үшін де өткізілуі мүмкін.
Бұл ретте Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 28-тармағында еркін аукциондық сауда-саттықтар үшін арнайы талап белгіленген: жел және күн электр станциялары электр энергиясын сақтау жүйелерімен жабдықталуға тиіс. Жел электр станциялары үшін жүйенің қуаты объектінің белгіленген қуатының кемінде 30 пайызын құрауға, ал сыйымдылығы қуатты кемінде 2 сағат бойы беруді қамтамасыз етуге тиіс. Күн электр станциялары үшін жүйенің қуаты да белгіленген қуаттың кемінде 30 пайызын құрауға, ал сыйымдылығы қуатты кемінде 4 сағат бойы беруді қамтамасыз етуге тиіс. Сақтау жүйесін пайдалану мерзімі электр энергиясын сатып алу шартының қолданылу мерзіміне сәйкес болуы керек.
Иә. Нетто-тұтынушы шағын ауқымды жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектісі өндірген, өзінің тұтыну көлемінен асатын электр энергиясын заңнамада белгіленген тәртіппен сата алады.
ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығымен бекітілген Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларының 4-тармағына сәйкес шағын ауқымды объектіні қосу және артық электр энергиясын сату үшін нетто-тұтынушы қосылуға дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға хабарлама ұсынады.
Қағидалардың 11-тармағына сәйкес нетто-тұтынушы желіден тұтынған электр энергиясы үшін өзі желіге берген электр энергиясының көлемін ескере отырып ақы төлейді. Егер есептік кезеңде желіге берілген электр энергиясының көлемі желіден тұтынылған электр энергиясының көлемінен асып кетсе, энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға артық көлем үшін оның шекті бағасы бойынша ақы төлейді.
Қағидалардың 12-тармағына сәйкес артық көлем үшін төлем жеткізу жүзеге асырылған есептік айдан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде көзделген құжаттар негізінде жүргізіледі.
Иә. Заңнама шағын ауқымды ЖЭК объектісін нетто-тұтыну режимінде пайдалануға мүмкіндік береді.
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының 1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес шағын ауқымды объект — жалпы белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейін қоса алғанда болатын объект. Заңның 1-бабы 13) тармақшасына сәйкес нетто-тұтынушы — өзіне тиесілі, тарату желісіне қосылған және бөлек есепке алу құралымен жабдықталған шағын ауқымды объектіден энергия өндіру арқылы өзінің энергияға деген қажеттілігін толық немесе ішінара қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға.
Мұндай объектілерді қосу және пайдалану тәртібі ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 349 бұйрығымен белгіленген. Аталған Қағидалардың 4-тармағына сәйкес қосылуға арналған техникалық шарттар нетто-тұтынушының хабарламасы негізінде беріледі. Бұл ретте техникалық шарттардың қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыда тіркелуге, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидаларда бұдан әрі – Қаидалар) көзделген құжаттар мен өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуға, ұйымдастырушымен шарт жасасуға және оның қызметтеріне ақы төлеуге тиіс. Белгіленген талаптар орындалғаннан кейін өтінім берушіге аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесі беріледі.
Қағидаларының 9–12-тармақтарына сәйкес құжаттарды қабылдау және тіркеу кестеде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады. 499 МВт-қа дейінгі жобалар үшін біліктілік құжаттарының тізбесі Қағидалардың 29-тармағында, 499 МВт-тан жоғары жобалар үшін 30-тармағында белгіленген.
Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жобаларды іріктеу және аукциондық бағаларды айқындау аукциондық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Аукциондық баға сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалады және тиісті шекті аукциондық бағадан аспайды. Аукциондық сауда-саттықтың түрлері Қағидалардың 5-тармағында белгіленген.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларының 10 және 11-тармақтарына сәйкес электр зарядтау станцияларын электр желілеріне қосу энергия беруші ұйым немесе энергия өндіруші ұйым беретін техникалық шарттар негізінде жүзеге асырылады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабының 1-тармағына сәйкес жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға байланысты мәселелерді қарайтынын және шешімдер қабылдайтынын қосымша атап өтеміз. Жиналыста тұрақ орындары мен қойма үй-жайларының иелері тұрақ орындары мен қоймаларды ұстауға байланысты мәселелерді қарастырады және шешімдер қабылдайды. Жиналыс қабылдаған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындары мен қоймалардың барлық иелері үшін міндетті болып табылады. Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді. Осыған байланысты, тұрғын үй кешенінің тұрақ орнында электр зарядтау станциясын орнату тұрғындардың дауыс беру нәтижелері бойынша және кондоминиум объектісі иелерінің келісімін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) объектілерін орналастыру жоспары – бұл ҚР Энергетика министрлігі жыл сайын әзірлеп, бекітетін стратегиялық құжат.
Жоспар келесі деректер негізінде қалыптастырылады: ЖЭК секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері (мысалы, белгілі бір жылға қарай электр энергиясының қанша пайызы ЖЭК-тен келуі керек); қолданыстағы ЖЭК объектілерінің тізімі (олардың қуаты мен орналасқан жері көрсетілген); Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – БЭЭЖ) аймақтары бойынша рұқсат етілген ең жоғары ЖЭК қуаты – яғни әр өңірде желінің сенімділігіне зиян келтірмей қанша энергияны қосуға болады; аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі (кім құрылыс жүргізуге құқық алған); білікті тұтынушылар ұсынған ЖЭК объектілерін салу жобалары.
Бекітілген Орналастыру жоспары ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында қолжетімді. Кез келген мүдделі тұлға – өңір тұрғыны, әлеуетті инвестор немесе маман – құжаттың өзекті нұсқасымен танысып, қандай жобалар мен қайда жоспарланғанын түсіне алады.
Аукцион – бұл 1 кВт·сағ электр энергиясы үшін ең төмен баға ұсынған қатысушы жеңетін ашық онлайн сауда-саттық. Қатысу процесі келесі қадамдардан тұрады:
1) алдағы аукциондар туралы ақпаратты (лоттар, орналасуы, шекті бағалар) ұйымдастырушының сайтынан – «KOREM» АҚ (https://www.korem.kz) алдын ала зерделеңіз;
2) «KOREM» АҚ электрондық сауда платформасында алдын ала тіркелуден өтіңіз. Ол үшін өтінім беріп, жеке кабинетке қол жеткізу керек;
3) өтінімнің қаржылық қамтамасыз етілуін дайындаңыз – мысалы, банк кепілдігі немесе ақша кепілі. Бұл қатысушының ниетінің байыпты екенін растайды;
4) біліктілікті растайтын құжаттар пакетін жинаңыз (төмендегі тізімді қараңыз);
5) өтінімді онлайн беріңіз – белгіленген мерзімде платформа арқылы;
6) сауда-саттыққа қатысыңыз – кВт·сағ бағасын төмендете отырып. Сауда-саттық нақты уақыт режимінде өтеді.
Қандай құжаттар қажет (біліктілік талаптары): заңды тұлға жарғысының көшірмесі; мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі; бірінші басшыны тағайындау туралы шешімнің көшірмесі; сенімхат (егер бірінші басшы емес өкіл қатысса); компанияның реквизиттері (банктік, мекенжай, байланыс, e-mail); өтінімнің қаржылық қамтамасыз етілуі; электр желісіне қосылудың техникалық шарттарының көшірмесі; жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі; қуаты 5 МВт және одан жоғары жобалар үшін – Жүйелік оператордың келісім хаты (қуат шығару схемасы); аукцион құжаттамасымен танысу туралы растау хаты.
Жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК, оларға күн, жел, су, биомасса, биогаз жатады) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықта жеңіске жеткен инвесторлар келесі мемлекеттік қолдау шараларын алады:
1) кепілдендірілген сатып алу – өндірілген электр энергиясын 20 жыл бойы белгіленген аукциондық бағамен (сауда-саттықта жеңімпаз ұсынған баға) сатып алу;
2) жыл сайынғы индекстеу – бұл бағаның инфляция мен валюта бағамының өзгеруін ескере отырып жыл сайын ұлғаюы (шығындардың өсуін өтеу үшін);
3) беру ақысынан босату – электр энергиясын электр желілері арқылы беру үшін төлемнен босату;
4) инвестициялық преференциялар алу мүмкіндігі – ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес (салықтық және кедендік жеңілдіктер, жер беру және т.б.).
Жоғарыда аталған шаралар аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға берілетінін атап өту қажет.
Иә, мемлекет 200 кВт-қа дейінгі (қоса алғанда) күн панельдерін орнататын азаматтарды қолдайды. Мұндай объектілер жаңартылатын энергия көздерінің (бұдан әрі – ЖЭК) шағын ауқымды объектілері деп аталады – яғни күннен, желден немесе судан энергия өндіретін шағын қондырғылар. Олардың иелері нетто-тұтынушылар деп аталады – бұл желіден электр энергиясын тұтынатын және өз қондырғысынан артығын желіге беретін адамдар немесе компаниялар.
Бұл не береді: сіз күн энергиясын өз қажеттіліктеріңізге (жарықтандыру, тұрмыстық құрылғылар, жылыту) пайдалана аласыз, ал артығын энергиямен жабдықтаушы ұйымға арнайы шекті бағамен (барлық тұтынушылар үшін бірдей) сата аласыз; сіз электр энергиясын желі бойынша беру үшін төлемнен босатыласыз – бұл қосымша үнемдеу; энергиямен жабдықтаушы ұйым артықты сатып алуға міндетті, ал энергия беруші ұйым сізді желіге қосуға міндетті.
Маңызды: жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу қажет емес. Қосылуға өтінім орнатудан 15 күн бұрын берілуі керек.
Жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК, оларға күн, жел, су, биомасса, биогаз жатады) объектісін салу үшін инвестор екі жолдың бірін таңдай алады.
1) Аукцион нәтижелері бойынша анықталған аукциондық баға бойынша, инфляция мен валюта бағамының өзгеруін ескере отырып индексацияланатын бағамен, біртұтас сатып алушыға сату;
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес, екіжақты шарттар негізінде тұтынушыларға нарықтық (келісімшарттық) бағамен сату.
Қазіргі таңда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеудің негізгі тетігі – аукциондық механизм. Аукцион жеңімпаздарына мемлекет тарапынан келесі қолдау шаралары көзделген, өндірілген электр энергиясын 20 жыл бойы кепілді сатып алу, аукциондық бағалардың жыл сайын инфляция мен валюта бағамының өзгеруіне байланысты индексациялануы құрылыстың өту кезеңінде бір реттік индексация жасау мүмкіндігі, жаңартылатын энергия көздері көздерінен өндірілген электр энергиясын диспетчерлік басқаруда басымдықпен өткізу.
Бірінші жол – аукциондық сауда-саттыққа қатысу (ірі жобалар үшін негізгі тетік). Аукцион тәртібі ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен реттеледі. Жеңімпаздар мемлекеттік қолдау алады: электр энергиясын бірыңғай сатып алушының 20 жыл бойы аукциондық бағамен (1 кВт·сағ үшін жеңімпаз ұсынған ең төмен баға) кепілдендірілген сатып алуы, инфляция мен валюта бағамының өзгеруін ескере отырып жыл сайынғы индекстеу, электр энергиясын басымдықпен диспетчерлеу.
Екінші жол – өз бетімен салу және электр энергиясын екіжақты шарттар бойынша тұтынушыларға (энергиямен жабдықтаушы және энергия таратушы ұйымдардан басқа) тікелей сату.
Құрылыс үшін не қажет (негізгі қадамдар): электр желілеріне қосылудың техникалық шарттарын алу; жер учаскесін ресімдеу; жобалық құжаттаманы дайындау; аукционға өтінім беру (бірінші жол таңдалса) «KOREM» АҚ электрондық сауда платформасы арқылы; аукциондық сауда-саттықта жеңген жағдайда сатып алу-сату шартын жасасу.