ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ
2026 жылғы 28 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова және Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфирде мұқият тыңдады.
Жолдауда экономиканы дамыту, инвестициялар тарту, құрылыс саласын және инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистикалық жүйені дамыту, мемлекеттік аппаратты жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттарын нығайту сияқты мемлекеттік саясаттың басым бағыттары айқындалды.
Әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік көмек азаматтардың өмірлік жағдайы мен материалдық ахуалын ескере отырып, оған шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуге тиіс. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, заңдылықты сақтау және халықтың әл-ауқатын нығайту да маңызды міндеттер болып қала береді.
Белгіленген басым бағыттарды іске асыру Қазақстанның тұрақты дамуына, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастырады.