Департамент жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігінде қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Департамент жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігінде қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Департамент жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігінде қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Бүгінгі күні «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» төлемдер тағайындау бойынша 16 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 25200 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Барлық Мемлекеттік көсетілетін қызметтердің тізілімі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген.

Бұл бұйрықтан Сіздер жекелеген мемлекетік қызметтерді көрсетудің Қағидалары кімнің және қандай бұйрықпен бекітілгенін көріп, әрі қарай  қажет болған мемлекеттік қызметті толықтай зерттеп өз құқықтарыңызды біле аласыздар.

Мысал үшін аталған тізілімде «жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» 367 орында көрсетілген және кағидасына Сілтемеде қатар орналасақан.

Бұдан бөлек біздің департаментте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала тууына және күтіміне, Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» - мен марапатталған аналарға, Көпбалалы отбасыға, Мүгедектігі бойынша, Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, 1 топтағы мүгедектігі бар адамға Күтім жасаушыға, Арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалады. 

Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сйынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Жерлеуге арналған біржолғы төлемді, инфляция сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны және Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақыны тағайындау да біздің департаменттің құзыретіне кіреді.

Аталған, Барлық мемлекетті кызметтер Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Ал кейбір мемлекеттік қызмет түрлері Е-гов порталы немесе мобильді қосымшасында, 2-ші дәрежелі банктердің қосымшаларында қол жетімді.