«Алакөл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қызметкерлерімен семинар-кеңес

«Алакөл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қызметкерлерімен семинар-кеңес
2026 жылғы 21 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.
 
Семинар-кеңес барысында мүгедектігі бар адамның абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына және Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес жүріп-тұруы қиындық тудыратын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі мәселелері талқыланды.
 
Сонымен қатар медициналық құжаттаманы сапалы толтыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу кезінде жалған және дәйексіз құжаттарды ұсынуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.