Жиі қойылатын сұрақтар

Бала тууды ынталандыру және балаларды отбасында тәрбиелеуге жәрдемдесу мақсатында 2003 жылдан бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы енгізілді, оның мөлшері отбасындағы балалардың санына қарай сараланды.

Мәселен, бүгінгі күні бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері:

- бірінші бала, екінші, үшінші бала 38 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) немесе 110 846 теңгені құрайды;

- төртінші және одан көп балаға 63 АЕК немесе 183 771 теңге төленеді.

 

Сондай-ақ, жұмыс істемейтін ата-аналар үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеу қарастырылған. Ол отбасының табысына қарамастан тағайындалады және туылған балалар саны көбейген сайын төртінші балаға дейін артады, мысалы:

- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 16 802 теңге;

- екінші балаға - 6,81 АЕК немесе 19 865 теңге;

- үшінші балаға - 7,85 АЕК немесе 22 899 теңге;

- төртінші және одан да көп балаларға-8,9 АЕК немесе 25 962 теңге.

 

Жұмыс істейтін ата – аналар үшін жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі-МӘСҚ) олардың табысының 40% - ын құрайтын төлем көзделген. Сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жұмыс істейтін ата-аналар үшін МӘСҚ-дан төленетін төлемдер.

Сонымен қатар, 2014 жылдың басынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін олардың бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді, бұл олардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді.